Біліп жүр

Динозаврларды клондауға бола ма?

ДНҚ-ның мүмкіндігі

Стивен Спилбергтің «Юра кезеңінің паркі» (Jurassic Park) деген фильмінен кейін әлем халқы динозаврларды ДНҚ күші арқылы қайта жандандыру мүмкіндігі жайлы шындап ойлана бастады. Туындыда көрсетілген оқиға жас ғалымдарға да үміт сыйлаған болар. Ал, жануарларға жасалған сәтті клондау тәжірибелері ол үмітті есейте түсті. Тіпті, қазіргі күні зерттеушілердің мамонтты қайта жандандыру жолындағы ізденістері алғашқы нәтижесін беріп жатқаны белгілі. Десе де, жуырда Манчестер университетінде зерттеу жасап жүрген палеонтологтар «Юра кезеңінің паркі» деген жобаны әзірге шын өмірде жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.

Мәселенің бәрі ДНҚ-ның уақытқа тәуелділігінде болып тұр. Жыл өткен сайын сүйектердегі ДНҚ байланысы үзіле бастап, ондағы генетикалық кодты оқу қиындай түседі екен. Ал, 6,8 миллион жыл өткенде ДНҚ толығымен ыдырап, оқылмай қалатын көрінеді. Динозаврлардың жойылғанына 65 миллион жыл болғанын ескерсек, оларды клондау мүмкін емес екенін түсінеміз. Алайда, ғалымдар болашақта жаңа технологиялар шығып, клондау саласында жаңа мүмкіндіктер пайда болады дегенге сендіріп отыр.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!