Салауат
Николай Амосов: Жаттығу, жүгіру және күтіну – кез келген дәріден мықты
Николай Амосовтың денсаулық туралы айтқан кеңестері
Николай Амосов – Кеңес Одағының дәрігер-ғалымы, кардиохирург және кибернетик жазушы. Ол медицина саласына еңбек сіңірген. Balbal.kz мотивациялық сайты Николай Амосов және оның денсаулық жөнінде айтқан кеңестерін материал ретінде дайындады.
Николай Амосов туралы
Николай Амосов – Украина дәрігері. Кардиология және кеуде қуысы хирургиясындағы инновациялық әдістердің авторы. «Шектеулер мен жүктемелер әдісін» ойлап тапты. Геронтология, жасанды интеллект мәселелері және әлеуметтік өмірді рационалды жоспарлау мәселелері бойынша пікірталастардың авторы.
Медицина ғылымдарының докторы, Украина КСР Ғылым академиясының академигі және Украина Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде медициналық қызметтің майоры Амосов 48-ші армияның № 2266 жылжымалы дала ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 40 000-нан астам адамды емдеп, 4000-ға жуық операция жасады.
1963 жылы 17 қаңтарда КСРО-да жүректің алғашқы митральды қақпағына протез жасады.
Ауру қайдан пайда болады?
Ауырсыну, ішкі ағзадағы функцияларының бұзылуы сіздің алаңсыз өмір сүруіңізге кесірін тигізеді. Аурудың себептері белгілі: сыртқы «зиянкестер» — инфекция, экология, қоғамдағы індет, адамның жеке жауапсыздығы. Кейде туа біткен ақаулар.
Кішігірім ауруларды қоспағанда, қауіпті аурулардың бәрі дұрыс емес өмір салтынан пайда болады. Ал екінші орында денсаулықты сыртқы жағдайлар, кедейлік, күйзеліс құртады.
Денсаулық және жаттығу
Денсаулықты нығайту үшін дәрігерлерге сенім артпаңыз. Олар өмірді сақтап, ауруды емдейді. Ол – тек бастауы, әрі қарай өмір сүру үшін өзіңізге сенім артыңыз. Мен медицина құдіретін төмендетіп жатқаным жоқ. Мен оған қызмет етемін. Бірақ мен денсаулықты сатып ала алмайсың. Мен бір жылдан астам уақыт бойы өзіме тәжірибе жасадым — жүгіру және гантельдермен үш сағаттық дене шынықтыру жасаймын. Нәтижесі қуантарлық.
Дәрігерлер ауруды емдейді, ал денсаулықты өзіңіз жасайсыз. Денсаулық дегеніміз — бұл физиологияның «резервтік күші». Суық желден қорықпас үшін, дәрілерсіз-ақ тұмаудан емделіп жаттығу керек.
Жаттығу, жүгіру және күтіну – кез келген дәріден мықты.
Жаттығу жасаудың техникасы
Резервтік жаттығуларды дұрыс орындау керек. Ол бірқалыпты, бірақ қарқыны үдемелі болу керек. Жаттығу, жүгіру, кез келген физикалық күшті күн сайын кешегі нәтижеден 3-5%-ға көбейтіп отырыңыз. Бұл күн көзіне қыздырыну, суда жүзу, тіпті жұмысқа да қатысты.
Бұл шектеу және жүктеу әдісі деп аталады. Одан артық не кем орындауға болмайды.
Иммундық жүйе жайлы
Егер сіз жас болсаңыз, денеде аурудың ешқандай симптомы байқалмаса, кішкене ауырсындым деп ауруханаға жүгірмеңіз. Аурухана тұтқынына айналмаңыз. Олар сіздің бойыңыздан ауру тауып: «Тынығыңыз» деп сізді жатқызып қояды.
Ағзаның күшті қорғанысы бар, ол — иммундық жүйе. Олар өз қызметін жақсы атқарады, тек аз уақыт беру керек. Есіңізде болсын, көптеген жеңіл аурулар өзі жазылып кетеді.
Дәрі ішу бойынша
Егер сізге жақсы дәрігер тап болса, бекер уайымдамаңыз. Есіңізде болсын, дәрігер — жай маман емес. Дәрігердің нұсқауларын орындаңыз. Өздігіңізбен ем жасамаңыз. Дәрі-дәрмектер аз мөлшерде ішілу керек. Мысалы, сіз қазір шыдамай көп мөлшерде дәрі ішесіз. Кейін тағы ауырғанда ол дәрілер сіздің ағзаңызға әсер ете алмай қалады.
Денсаулық формуласы
Біріншісі — дұрыс тамақтану. Күніне 300 г көкөніс пен жеміс-жидек жеңіз. Мінсіз дене бітім формуласы: салмақ = бой — 100
Екінші — дене тәрбиесі.
Қазір ешкім физикалық жұмыс істеуге тырыспайды, сондықтан денсаулықты сақтау үшін күнделікті күтім жасау керек болады. 20-30 минуттық гимнастика, шамамен 1000 қимыл жасалу керек. Таза ауада жаяу жүріңіз.
Үшіншісы — психиканы бақылау. «Өзіңді игеруді үйрен». Медитация жасаңыз. Мен қарапайым әдісті өзім қолданамын: мен көп мөлшерде адреналин бөлгенде, ырғақты тыныс алуға тырысамын. Осылайша бұлшық еттер босаңсиды.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова