Джон Грей – атақты жазушы, философия ғылымдарының докторы, жеке даму бойынша кеңестер беретін тұлға. Оның 1992 жылы жарық көрген «Ерлер Марстан, әйелдер Венерадан» (Men Are from Mars, Women Are from Venus) кітабы әлемдік бестселлерге айналды. Назарларыңызға кітаптың қысқа мазмұны мен құндылығын ұсынамыз.
Автор туралы
Джон Грей АҚШ-та қарым-қатынас саласындағы жетекші сарапшылардың бірі ретінде танымал. Колумбия Тынық мұхиты университетінің докторы. Адами қарым-қатынас психологиясы бойынша дәрістер оқып, семинарлар ұйымдастырып келеді.
Қысқаша мазмұны
Джон Грей жазған «Ерлер Марстан, әйелдер Венерадан» кітабы кіріспеден және 13 тараудан тұрады.
Автор әйелімен отбасылық өмірінің қиын кезеңдерін баяндайды. Қызының дүниеге келуі оларға ерекше әсер еткен. Қызының пайда болуы ерлер мен әйелдердің айырмашылықтарын 7 жыл зерттеуіне себеп.
1-тарау. Ерлер — Марстан, әйелдер — Венерадан
Кітаптың бірінші тарауы кіріспе есебінде жазылған. Ерлер мен әйелдердің негізгі айырмашылықтары ашылады.
2-тарау. Барлық мәселелерді шешушы мырза, үйді абаттандыру жөніндегі комитет
Бұл тарауда автор қарым-қатынастағы ең маңызды екі қатені анықтайды. Ер адамдар сезімге берілмей, кез келген мәселені шешу жолын ұсынады. Ал әйелдер одан ешкім сұрамаса да, кеңес бере бастайды. Екінші тарауды оқығаннан кейін сіз негізгі қателіктеріңізді түсінесіз. Оларды түзету жолдарын қарайсыз.
3-тарау. Ер үңгіріне тығылады, ал әйел сөйлей бастайды
Үшінші тарауда ерлер мен әйелдердің стресстік жағдайларға қалай қарайтындығы көрсетілген. Ер адамдар, әдетте «үзіліс жасап», ойланғанды жөн көреді. Ал әйелдер, керісінше, бұл туралы тез арада сөйлесу керек. Осы тараудан қайшылық туындаған кезде қалай әрекет ететініңізді түсінесіз.
4-тарау. Жұбыңызды ынталандыру туралы
Төртінші тарауда автор ерлер мен әйелдерге мотивация берудің негізгі әдістері туралы айтады. Мәселе мынада: ер адам үшін басты мотивация — оған сенім арту. Ал әйелдер үшін жақындарының қолдауы мен махаббаты үлкен рөл атқарады. Бұл тарауда автор адамдармен қарым-қатынасты күрт жақсартатын маңызды үш қадамды қарастырады. Сондай-ақ, сіз ерлердің сезімдерін неге ашық айтуға ұялатынын түсінесіз.
5-тарау. Біз екі түрлі тілде сөйлейміз
Бесінші тарауда ерлер мен әйелдердің бір-бірін түсінуіне не кедергі болатынын байқайсыз. Ерлер мен әйелдердің тілін түсіндіретін сөздік. Бір таңқаларлығы, олардың сөйлеуі ғана емес, үндемей қалуының да себептері басқаша. Тарауды оқып болған соң, әйелдер еркек үндемей қалғанда өзін-өзі қалай ұстау керегін үйренеді. Ал ер адамдар әйелді ренжітпей оны қалай мұқият тыңдау керегін түсінеді.
6-тарау. Ер адам мен резеңкенің ұқсастығы туралы
Кітаптың алтыншы тарауы адамның қажеттіліктерін егжей-тегжейлі зерттеуге арналған. Автор ер адамдарға тән мінез-құлық туралы айтады. Оның кенеттен қысқа уақытқа басқа жаққа кету себебі. Ер адам кетіп қалғанда әйел не істеу керегін түсінеді. Әйел байсалды әңгімелесу үшін дұрыс сәтті қалай таңдайтынын айтады.
7-тарау. Әйелдер толқын тәрізді
Жетінші тарауда автор әйелдерде кездесетін «көтерілістер» мен «төмендеулер» туралы айта отырып, әйелдің мінез-құлқын қалай дұрыс түсінуге болатындығын көрсеткен. Осы тарауды оқығаннан кейін ер адамдар мұндай өзгерістерге тыныш әрекет ете алады. Әйелдің қай кезде көп қолдауды қажет ететінін түсінеді.
8-тарау. Біздің эмоционалды қажеттіліктеріміздің ұқсастығы туралы
Сегізінші тарауда ерлер мен әйелдердің қарым-қатынастан не күтетні айтылады. Ер адамдар да, әйелдер де, өзі сезінгісі келетін махаббатты сыйлайды.
Ер адам сенімділік пен қарапайымдылықты қалайды. Оны бар болмысымен қабылдағанын күтеді. Әйел серіктесінен қамқорлық, құрмет және түсінушілік іздейді. Сегізінші тараудан сіз серігіңізді алыстататын алты қарапайым нәрселер бар екенін білесіз.
9 тарау. Жанжалдан қалай аулақ болуға болады
Екеуінің арасындағы жанжалды талдауға арналған. Ер адам жанжал кезінде өзінікін дұрыс деп көрсете берсе, әйел суиды. Әйелдер ол әрекетін жауапкершіліктен қашу деп түсінеді. Тоғызыншы тарауда сіз жанжалдардың неден басталатынын және одан қалай аулақ болу керегін түсінесіз.
10-тарау. Қарым-қатынасты бағалау әдісі ретінде
Оныншы тарауда автор ер адамдар мен әйелдердің көңіл бөлуге қаншалықты мән беретіндігі туралы айтады. Ер адамдар әйелдер үшін көңіл бөлудің өте маңызды екенін түсінеді. Олар кез келген ұсақ-түйекті бағалайды.
Бұл тарауда автор сүйіктіңіздің алдында «рейтингіңізді» көтерудің 101 тәсілін ұсынады. Сондай-ақ, әйелдерге бұл тарауды оқыған пайдалы. Өздері қалаған нәрсені алу үшін энергиясын қалай дұрыс бағыттауға болатындығын үйретеді.
11-тарау. Қарым-қатынас процесінде жағымсыз сезімдерді білдіру
Он бірінші тарауда өмірдің ерекше қиын кезеңдеріндегі ерлер мен әйелдердің мінез-құлқы қарастырылады. Онда автор ерлер мен әйелдердің өздерінің шынайы сезімдері н қалай жасыратыны туралы айтады. Серіктесіңізге не сезетініңізді түсіндіру қаншалықты маңызды екенін білесіз. Серіктесіңізге сезімдеріңіз туралы хат жазуды үйренесіз. Сонда олар сізді түсінеді, кешіреді және одан сайын жақсы көре бастайды.
12-тарау. Қолдауды қалай сұрауға болады
Әйелдерден көмек сұраудың не үшін қиын екенін және ер адамдар неге мұндай өтініштерді жауыздықпен қабылдайтынын түсінесіз.
13-тарау. Махаббаттың сиқырлы күшін қалай сақтауға болады
Махаббаттың «жыл мезгілдері» бар. Оларды нақты түсіну қарым-қатынаста туындаған кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Кітаптың соңғы тарауында сүйіспеншіліктің жалынын қалай ұстап тұруға болатынын және уақыт өте келе оны өшіріп тастамауға болатынын білесіз.