Біліп жүр

Аффирмация: Терминнің тарихы мен қолданылуы

Аффирмацияны жасаудың жолдары

Аффирмация – адам өмірін өзгертетін позитивті ойлар. Психологтардың айтуы бойынша, мұндай пікірлер мен ойлар адамның қабылдауы мен өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Назарыңызға аффирмацияның шығу тарихы мен қолданылуын ұсынамыз.

Шығу тарихы

Аффирмация жайлы пікірлер ХХ ғасырдың басында «өз-өзіне көмектесу» теориясы негізінде пайда болды. Ал терминнің өзін Эмиль Куэ ұсынды. Ол «адам күнделікті бір нәрсені қайталайтын болса, өзінің жеке өміріне деген қарым-қатынасын өзгертеді», — деп тұжырымдады.

Ғалымның айтуы бойынша, біздің миымызға түсетін әрбір ой шындыққа айналуға талпынады. Ол әрекет түрінде көрініс табуға ұмтылады. Біздің санамыз мен ойымыз осылай қалыптасқан. Индивид бір нәрсеге қатты қол жеткізгісі келсе, бұл уақыт өте келе орындалады.

         «Барлық жағдайда менің өмірім күннен-күнге жақсарып келеді», — деген автор Эмиль Куэ.

Дәл осы фразаны негіз ретінде алып, өз қалауыңызға қарай өзгертуді ұсынады. Эмиль Куэ аффирмацияның жұмысын дәл әрі нақты түсіндірген ғалым ретінде танылды. Ал аффирмацияны танытқан келесі адам – Луиза Хей. Ол «Жаңа сана» бөлімінің басшысы болған. Сонымен қатар жазушы бұл тақырыпта 18 бестселлер жазып шыққан.

Луиза Хейдің танымал шығармаларының бірі – «Аурулар кестесі мен аффирмация». Науқас ұзақ уақыт ауырып, ешқандай ем көмектеспегенде, осы кітапты оқуға кеңес береді. Луиза біздің санамыздағы бекініп алған ойларды өзгертсе, олардан шығатын жағымсыз нәрседен де құтылуға болады дейді.

Оқи отырыңыз: «Луиза Хей: Әлемге белгілі жазушының өмірбаяны»

Психотерапевт ауру мен науқастағы жағымсыз ойларды салыстырған. Осыдан кейін арнайы кесте жасап шығарған.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қазіргі уақытта түрлі ақпарат көздерінен түрлі ақпараттар тарайды: ғаламтор, таныстар, жарнама тақтайшалары, жұмыс, оқу орыны. Артық мәліметпен ми өзін қинамау үшін, оны сараптайды. Осы себепті бірі есімізде сақталса, бірін ұмытып қаламыз.

Мұны тексеру үшін сынақ өткізейік. Бөлмедегі көк түсті заттарды есіңізде сақтап қалыңыз. Енді көзіңізді жұмып, қызыл түсті заттарды атап шығыңыз. Біздің миымызға басқа бұйрық берілгендіктен, өте аз нәрсені ғана атаймыз. Бұл біздің бұйрығымызға қарай мидың іздеп, қажеттіні таба алатындығын көрсетеді.

Күнде қайталанатын аффирмация – бізге қажетті нәрсеге жетуге көмектесетін көңілді ойлар.

Аффирмацияны жасаудың жолдары

  • Сізге қатысты барлық қажеттіліктерді жасаңыз,
  • Сізге не қажет? Бір қасиетке ие болу немесе байлыққа қол жеткізу. Неғұрлым нақты болса, соншалық оңай болады;
  • Сөйлемде кері әсер ететін пікірлерді қолданбаңыз. Мысалы, «Мен тұмаумен ауырғым келмейді» деудің орнына, «Менің денім сау. Менде өмірлік күш-жігер жетерлік» деп айтыңыз;
  • Байқағаныңыздай, сөйлем келер шақта емес, осы шақта айтылып тұр;
  • Аффирмацияның әсерін күшейту үшін эмоционалды сөздерді қосыңыз. Мысалы, «өте» және т.б.;
  • «Қалаймын», «керек» секілді сөздерді қоспаңыз;
  • Сөйлемдеріңіз күрделі болмасын. Барынша қарапайым, жай сөйлемдерді пайдаланған дұрыс.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!