Біліп жүр
Баспана алуға арналған мемлекеттік бағдарламалар
Мемлекеттік бағдарламалар тізімі мен шарттары
Баспана алу бұрынғыдай қиын емес. Үй алу үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар көбеюде. Balbal.kz мотивациялық сайты баспана сатып алғысы келетіндер үшін мемлекеттік бағдарламалар тізімі мен олардың шарттарын ұсынады.
«5-20-25»
«5-20-25» бағдарламасының ережелері 2016 жылдың желтоқсан айынан бері әрекет етіп келеді. Осыған дейін банк тарапынан 150 млрд теңгеге 19800 қарыз берілген.
«5-20-25» бойынша әкімдік кезегінде тұрған әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының қызметкерлері ипотека рәсімдей алады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 жылдық несие үшін шамамен 7,2%-ды құрайды.
Бағдарлама талаптары:
- Табыс көзі отбасындағы адам басына 3,1 күнкөріс деңгейінен аспау қажет (2020 жылы 96 667 теңге);
- 5% жылдық мөлшерлеме;
- 20% бастапқы жарна;
- Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
- Үміткердің атында соңғы 5 жылда үй болмауы шарт;
«7-20-25»
«7-20-25» – Қазақстан азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Оның негізгі талаптары:
- 7% жылдық мөлшерлеме;
- Бастапқы жарна 20% не одан жоғары;
- Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
- Үміткердің атында үй болмау керек;
- Ипотекалық тұрғын үй бойынша қарыздары болмау керек;
- Тек банк белгілеген жаңа үйлерден пәтер алуға болады.
Бұл бағдарламамен жұмыс істейтін банктер: ЦентрКредит банкі, Сбербанк, Жусан банк, Еуразиялық банк, АТФ банк, Банк RBK, Халық банк және Форте банк.
«Баспана хит»
Жаңа және қолданылған үйлерді сатып алуға рұқсат беретін бағдарлама. Бағдарламаның негізгі талаптары:
- 13,75% жылдық мөлшерлеме;
- 20% бастапқы жарна;
- Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл;
- Атыңызда үй болса да, рәсімдей аласыз. Бірақ қарызыңыз болмау керек;
- Ескі үйлерден пәтер таңдауға болады;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 25 миллион теңгеге дейін, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеге дейін үй сатып алуға мүмкіндік бар.
ЦентрКредит банкінің «Жас отбасы» бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі талаптары:
- Отбасыдағы жұбайлардың жасы 35-тен аспауы шарт;
- 16% жылдық мөлшерлеме;
- 30% бастапқы жарна;
- Қарызды өтеу мерзімі – 20 жыл;
- Өтініш 3 күн ішінде қаралады;
Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады.
«Бақытты отбасы»
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бұл бағдарламасымен көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана ипотека рәсімдей алады. Негізгі талаптары:
- 2% жылдық мөлшерлеме;
- 10% бастапқы жарна;
- Отбасылардың атында басқа үй болмауы шарт;
- Қарызды өтеу мерзімі – 20 жыл;
- Отбасының табыс көзін растау міндетті. Соңғы отбасы мүшелерінің табысы ең төменгі жалақыдан артық болмау керек (42 500 теңге).
«Әскери баспана»
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бұл бағдарламасымен үкіметтен тұрғын үй төлемін алатын әскерилер ғана ипотека рәсімдей алады.
- 8% жылдық мөлшерлеме;
- 15% бастапқы жарна;
- Қарызды өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.
50/50
Бағдарлама талаптары:
- Соманың жартысын жинау қажет;
- 3,5 — 8,5% аралығындағы жылдық мөлшерлеме;
Пәтер немесе жер үй сатып алуға;
Тұрғын үйге жөндеу жүргізуге;
Жер телімін сатып алуға;
Басқа банктен бұрын алынған ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға болады.
Тұрғын үй(3.5%), аралық (5%) және алдын-ала (8%) қарыз деп бөлінеді.
«Орда» ипотекасы
Қазақстанның ипотекалық компаниясы жаңа және ескі үйлерден пәтер алуға рұқсат береді.
- Табыс көзін толықтай растаған жағдайда 12%, жартылай растағанда 14% жылдық мөлшерлемемен қарыз рәсімдеуге болады;
- Қарыз көлемі: Алматы мен Нұр-Сұлтанда 65 миллион теңгеге дейін, басқа аймақтарда 40 миллион теңгеге дейін;
- Үміткердің өтініші 3 күн ішінде қаралады;
- Қарызды өтеу мерзімі – 20 жыл;
Бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті қоюға болады.
Бұл бағдарламамен жұмыс істейтін банктер: Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Kassa Nova банкі және Жусан банк.
«Өз үйім»
«Өз үйім» бағдарламасымен қарыз рәсімдеу үшін шотта кемінде 500 мың теңге болуы тиіс.
Қарызды өтеу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін созылады. Бұл мемлекеттік бағдарламалар жаңа үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құрылыс барысында үлескерлік әдіспен үй сатып алуға болады.
Бағдарлама шарттары:
- 20% бастапқы жарна;
- Салымшының атында үй бар-жоғы маңызды емес;
- 90 миллион теңгеге дейін қарыз беріледі;
- 7% жылдық мөлшерлеме;
- Үй сатып алынатын мекенде тіркеуде тұру міндетті емес;
«Өз үйім» бағдарламасы аясындағы барлық нысандар туралы ақпарат baspana.kz порталында жарияланады