Біліп жүр

Джерри Янг: Yahoо корпорациясының жетістікке деген 18 қадамы

Yahoо корпорациясының жетістікке жету тарихы

Джерри Янг – Дэвид Филомен бірге Yahoo компаниясының негізін қалаушы. Ол 1968 жылы 6 қарашада дүниеге келді. Джерридің бұл өнертабысын бүгінде «Интернет-алпауыты» деп атайды. Balbal.kz мотивациялық сайты Yahoo корпорациясының жетістікке жету жолындағы 18 қадамын назарыңызға ұсынады.

1994 жыл

Стэнфорд университетінің қос студенті Джерри мен Дэвид алғашқы сайтын жасады. Алайда бұл олардың мақсаты емес, жай ғана сүйікті істеріне айналған еді. Сайт аз ғана уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болып, кеңінен тарала бастады.

1995 жыл

Өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін олар көп ұзамай оқуларын тастап, осы сайтпен айналысты. Атауын Yahoo.com деп өзгертеді. Себебі Дэвидтің студенттік шағында АҚШ-тың оңтүстігінен келген қарапайым жігіттерді солай атайтын. Бірақ басқа да нұсқалар бойынша, Yahoo – қысқартылған атау. Ол «Yet Another Hierarchical Officious Oracle» дегенді білдіреді. Янг пен Кило $2 миллионға инвестиция тартып, корпорацияның негізін қалады. Корпорациядағы СЕО-маманы Тим Кугл болды.

1996 жыл

«MyYahoo» іске қосылғаннан кейін парақшада жаңалықтар, ауа райы, валюта бағамы сияқты ақпараттар көрсетілді. Енді Yahoo іздеу жүйесі ғана емес, сайттан порталға да өзгеріп отырды. Корпорация өз басшыларын мультимиллионерге айналдырды. Осы жылдың қыркүйегінде Ұлыбританияда алғашқы өкілдігі ашылды.

1998 жыл

Yahoo Rocketmail-дің электронды поштасын сатып алды. Осыған сүйене отырып корпорацияның «Yahoo Mail» пошта қызметін жасады.

1999 жыл

Корпорация кірісі $100 миллиардты құрады. Ол әлемдегі ең қымбат интернет-компанияға айналды. Бірақ компания іздеу алгоритмдерін өздігінен жасамады. Олар «Inktomi» іздеу жүйесінің қызметін пайдаланды. Осы жылы корпорация $4,6 миллиардқа GeoCities платформасын сатып алды. Алайда бұл жобамен жұмыс жасалмады. 2009 жылы платформа өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

2000 жыл

Yahoo өз дамуын уақытша тоқтатып, Google іздеу жүйесін басқару үшін 4 жылға лицензия алды. Ғаламтор қолданушылары енді мүлдем Yahoo іздеу жүйесін пайдаланбайтын болды. Нәтижесінде корпорация беделі мен абыройынан айрылды.

2001 жыл

Yahoo іздеу жүйесінің бағасы $10 милдиардқа дейін төмендеді. Тим Кугл CEO қызметінен босатылды. Оның орнына Голливудтан Терри Симил келді.

2003 жыл

Yahoo жаңа қызметтерді ұсына бастады. Сайтта жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтар картасы, телефон кітапшалары пайда болатын. Олар ғаламтор қолданушыларының назарын аудартатын контенттер жасауды қолға алды. Ал Терри Симил бар күшін интернет-жарнамаларын дамытуға салды. Yahoo мен Google-дің келісімшарттары аяқталды. Енді олар серіктестен бәсекелестерге айналды.

Сатып алынған платформалар:

  • 2002 жылы – Inktomi;
  • 2003 жылы – Overture Services;
  • AlltheWeb;
  • AltaVista.

Осы платформалардың негізінде «Yahoo Slurp» жеке іздеу роботының негізі қаланды.

2004 жыл

Корпорация жаңалық, ойын-сауық , спорттық сайттарды жасады.

2005 жыл

«Yahoo Music» музыкалық сервисі мен «Yahoo 360» блогерлерге арналған платформалары жарық көрді. Flickr фотосайтын иемденді. Бірақ осы жағдайдан кейін олар өз танымалдылығын жоғалтып алды. Енді барлығы Yahoo-ға интернет-жобаларды жойып жіберетін корпорация ретінде қарады. Мәселен, Delicious, Konfabulator сияқты платформалардың ғұмыры ұзаққа созылмады.

2006 жыл

Yahoo Facebook пен Youtube-тан айырылып қалды.

2007 жыл

Тим Симилдің орнына Джерри Янг келді. Корпорация тағы да Google-дан жеңіліс тапты. Yahoo акциясы төмендей бастады.

2008 жыл

Microsoft Yahoo корпорациясын $45 миллиардқа сатып алуды ұсынды. Бағаның төмен екенін айтып, олар бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ екі компания арасында серіктестік орнатылды.

2009 жыл

Джерри Янг өз қызметінен бас тартты. Оны Кэрол Братц алмастырды. Yahoo жаңа кезеңге аяқ басты.

2010 жыл

Қиындықтарға, дағдарыстарға қарамастан Yahoo әлемдегі көп қолданылатын сайт ретінде қала берді. 1 айда 700 миллион адам пайдаланатын болды. Ал жылдық кіріс $1 миллиардты құрайды.

2011 жыл

Басшылық Кэрол Братцты қызметінен босатты. Басты себеп: Microsofrt-пен серіктестік ешқандай пайда әкелмеді.

2012 жыл

Жаңа CEO-маманы болып Скотт Томпсон тағайындалды. Ол eBay-дің PayPal бөлімшесінен келген бұрынғы президент болатын. Yahoo жаңа тәсілді ойлап тапты: «бәсекелестеріңді сатып ала алмасаң, оның клиенттерін тартып ал». Жарты жыл да жұмыс істемей Томпсон кетуге мәжбүр болды. Оның түйіндемесіндегі ақпараттар жалған болып шықты. Yahoo 2000 адамды жұмыстан шығарды. CEO-маманы болып Google-дің вице-президенті Марисса Майер сайланды.

2013 жыл

Марисса Майер корпорация имиджіне толықтай өзгеріс енгізді. Артық қызметкерлерді жұмыстан босатты. Flickr фотосайтын қайта қалыпқа келтіріп, Tumblr блог-платформасын сатып алуға шешім қабылбанды. Yahoo компаниясы 5 жыл бойы бағындыра алмаған жетістіктерге жетіп, акциясы өсті.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!