«Forbes-тен әлемнің үздік кәсіпкерлері ұсынған 1000 идея» кітабында бизнес-идея, кәсіпкерлердің креативті ойлары жазылған. Forbes-тен іріктеліп алынған кәсіпкерлердің ең үздік қанатты сөздерді Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға ұсынады.
Герберт Н. Кассон:
Бизнес — қанды шайқас. Онда міндетті түрде кедергілер мен бәсекелестік бар. Оңайлықпен олжалы бола алмайсың. Құздан құламай, сынға ұшырамай шыңдарды бағындыру мүмкін емес. Кез келген ұлы жетістік — ұзаққа созылған күрестің нәтижесі. Барлық жеңімпаздардың жүрегі мен санасында қиындықтарды еске салып отыратын белгілер бар.Табысты болуға талпынғандар көп, бірақ соғыстан аман шыққандар аз. Жеңіске жеткендер — ақылы мен ерік күшін өздерін дамытуға пайдалана алған адамдар.
Стюарт Чейз:
Бизнес саласы ақыл-ойды талап ететін толассыз ойындардан тұрады. Оның басты талабы — тұтынушының қалтасындағы қаражатын бәсекелестеріңнен бұрын иелену.
Малькольм Форбс:
Кәсіпкерлер қиялмен емес, дәлелденген фактілермен жұмыс істейді деп ойлайтындар көп. Бірақ олар тарихтан, ескі бесжылдық жоспарлардан хабарсыз.
Бенджамин Франклин:
Сауда мен нарық осы күнге дейін халыққа кері әсерін тигізген емес.
Дрью Хьюстон:
Ешкім анасының құрсағынан басшы болып туылмайды. Болашақ белгісіздіктен тұрады. Мәселен, Марк Цукерберг бір күні таңертең ояна салып, адамдардың арасындағы байланысты қамтамасыз ететін компания ашуға шешім қабылдамады. Бәрі біз ойлағаннан да басқаша, бәрі біз ойлағаннан да күрделі.
Роберт Фрост:
Банк жақсы ауа райында қолыңызға қолшатыр ұсынады. Ал аспан түнеріп, жаңбыр жауғанда оны қайтарып беруіңізді сұрайды. Сондай қызық орын.
Хью В.Коберн:
Бүгінгінің бизнесі сатушының бойынан кәсіпкерге тән қасиеттерді талап етеді. Яғни олар тауардың ерекшелігі мен өздері ұсынатын қызметтерді толықтай білуі керек. Сатушылар — сауатты және жоғары деңгейде презентацияны, сосын клиенттің жағдайын жасай алатын адамдар.
Генри Л.Дохерти:
Табысты кәсіпкерлердің қолындағы басты фишка — әділдік және адамгершілік. Себебі үлкен бизнес бірлік пен командалық жұмысты талап етеді.
Питер Друкер:
Инновация — бизнесмендердің басты құралы. Ол қолдағы бар ресурстың бағасын арттыруға мүмкіндік береді.
Нельсон Джексон:
Мен ешқашан бүгінгі жұмыстың кешегі тәсілмен атқарылатынына сенбеймін. Ондай кәсіптің болашағы жоқ.