Біліп жүр

Google клиент қалауын анықтауға көмектеседі

Синтия Маринкаос клиент қалауын зерттеді

Google-дан клиент өзіне қажетті тауарды дүкеннен немесе ғаламтор-дүкенінен іздейді. Мұндайда олардың алдынан жарнамалар мен түрлі посттар шығады. Егер материал жақсы болса, клиент те өз мәселесінің шешімін таба алады. Австралиялық копирайтер Синтия Маринкаос клиент қалауын зерттеудің оңтайлы жолын тапқан.

Google қалай жұмыс істейді?

«Google», «Яндекс» сынды іздеу жүйелері қазіргі уақытта кез келген бизнестің көмекшісіне айналып отыр. Мұндағы ең көп іздейтін сұраныстарды сараптап, өз нұсқаңызды ұсынсаңыз жеткілікті. Адамдарда қандай сұрақтар туындайтынын біліп, жауап бересіз.
1) «Google»-дың іздеу жолына кілт сөзді немесе толық фразаны жазыңыз;
2) «Ұқсас сауалдар» тізімінен нұсқаларды жазып алыңыз;
3) Осы сауалдарға өз материалыңызда жауап беріңіз: қысқа мақала жазыңыз, бейнеролик түсіріп, сапалы фотосуреттерді ұсыныңыз.

Егер сіз принтер сатумен шұғылдансаңыз

Іздеу жолына «принтердің бояуын үнемдеудің жолдары» немесе «шағын бизнеске арналған ең жақсы принтер» секілді сұрақтарды жазыңыз. «Google» сізге осыған ұқсас және көп ізделінетін сұралымдарды көрсетеді. Мысалы:
— Күнделікті қолданысқа арналған ең жақсы принтер қайсысы?
— Қай принтердің бояуы арзанға түседі?
— Картридждің жұмыс істеу уақытын қалай ұзартуға болады?

Егер сіз графикалық дизайнер болсаңыз

«Google» арқылы «балаларға арналған қауіпсіз ойыншықтар» немесе «балаларға ойыншықты қалай таңдау керек?» деп іздеңіз.
— Балаға қандай ойыншықты таңдаған дұрыс?
— Экологиялық балалар ойыншықтары;
— Ойыншықтан келетін қауіп қандай?
— Әлемдік ойыншық өндіруші компаниялар, — сияқты бірнеше ең көп ізделінетін сауалдарды көре аласыз.

Бірнеше пайдалы кеңестер

Мамандығыңыз графикалық дизайнер болса және жеке тапсырыстармен жұмыс істейтін болсаңыз, «логотиптің графикалық дизайны» немесе «картаның графикалық дизайны» деп іздеп көріңіз. «Google» мынандай ұқсас сауалдарды ұсынады:
— Логотипті жасаудың деңгейлері;
— Логотипке арналған программалар
— Логотип жасауға арналған шаблондар.

Бірнеше пайдалы кеңестер

Ұқсас нұсқаларды көру үшін «қалай», «неге», «қайда», неліктен» секілді сөздерді сөйлем басына жазуды ұмытпаңыз. Кілтсөзді немесе фразаны анықтау үшін өзіңізге клиенттер жиі қоятын сұрақтарды еске түсіріңіз. Олар қандай мәселеге тап болатынын сараптаңыз. Сіз оларға қандай шешімді ұсына аласыз?

Тұтынушыларда туындайтын сұрақтардың жауабы мен проблеманың шешімін ұсынудың жолдары көп. Түрлі әлеуметтік желі парақшаларында жариялауыңызға болады. Электронды пошта арқылы хабарламалар тарата аласыз. Бейнероликтер түсіріп, инфографика жасауға да болады. Материалдарыңызды тұрақты түрде жариялап тұруыңыз керек. Клиентпен байланыс орнатудың барлық тәсілдерін қолданып көріңіз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!