Компас

Исландия туралы қызықты деректер

Атлант мұхитының солтүстігінде орналасқан «Мұзды ел» туралы қызықты деректерді топтастырдық. Оқи отырыңыз!


1. Исландия — халқы ең аз мемлекеттер қатарына кіреді. Бұл елдегі бір шаршы километрге 3,1 адамнан келеді. Мысалы, бізде осы көрсеткіш 6.7 адамды құрайды. Халық аз болғандықтан исландиялықтар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасты үзбеуге тырысады, себебі бәрінің ортақ таныстары бар.

2. Исландиялықтар — ұзақ өмір сүретіндер қатарынан. Бұл елде әйелдер орта есеппен 81 жасқа дейін, еркектер 76 жасқа дейін өмір сүреді екен. Исландияда адам 100-ге толса да ешкім қатты таңғалмайды.

3. Исландияылықтарда көп жағдайда фамилия болмайды. Олар патроним қолданғанды жөн санайды. Яғни, адам есіміне тек әкесінің есімі қосылып жазылады. Мысалы, Лейф Эрикссон (исл. Leifur Eiriksson), Снорри Стурлусон (исл. Snorri Sturluson), Ингибьёрг Стефаунсдоуттир (исл. Ingibjörg Stefánsdóttir), Бьорк Гвюдмюндсдоуттир (исл. Björk Guðmundsdóttir). Бұл біздің Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы дегенімізбен сәйкес келеді. Фамилиясы жоқ Ұлы қазақ Бауыржан Момышұлы туралы да естіген боларсыздар.

4. Кей жағдайларда бұл елдің адамдары патронимнің орнына матронимді қолданады. Ол дегеніміз, өз есіміңнің жанына ана есімін тіркеу. Мысалы, Абай матроним қолданған болса, ол қазір бізге Абай Ұлжанұлы ретінде белгілі болар еді. Айта кетерлігі, матроним көп жағдайда әкесі өз балаларынан бас тартқанда пайдаланылады. Кейде есімімен әдемі үйлесу үшін де ана есімін тіркейтін жандар бар. Әкесі мен анасының есімін бірге қолданатындар да жоқ емес. Соңғылардың қатарында Рейкьявиктің мэрі Дагюр Бергтоурюсон Эггертссон (исл. Dagur Bergþóruson Eggertsson) да бар.

5. Рейкьявик — әлемнің қиыр солтүстігінде жатқан астана. Исландия халқының 63%-ы осы қалада тұрады. Поляр шеңберінее жақын орналасқандықтан жазда Рекьвиктің түндері аса жарық, ал қыста күн ұзақтығы небәрі 4 сағатқа созылады.

6. Исландияда қыстыгүні Күн көзі аз түскенімен, есесіне Солтүстік шұғыласын күнде тамашалауға болады. Тіпті, бұл жақтың халқы табиғаттың осынау ғажабына аса мән бермейді де.

7. Исландиялықтардың тілі соңғы мың жылда мүлде өзгермеген десе де болады. Ал, олардың әліпбиінде туыстас көп ұлттарда жойылып кеткен әріптер кездеседі. Сондай-ақ, мұндағы жұрт викингтердің көне жазбаларын еш қиналмай оқи алады деседі.

8. Оқу демекші, бұл жақты халқы кітапқұмар. Зерттеулер исландиялықтар кітап көп оқитын ұлттардың қатарына кіреді.

9. Исландияда қарулы күштер жоқ. Сондықтан әскер қызметін негізінен жағалау күзеті атқарады.

10. Исландия полициясы пистолет ұстамайды.

11. Исландиялықтарға құбыр арқылы тартылған су қайнарлардан келетіндіктен, ішуге жарамды. Тіпті, мейрамхана мен кафелер де қонақтарына суды шүмектен (кран) құйып береді.

12. Исландия құбырларындағы жылы су аздап сасиды. Себебі, құбырлар құрамында күкіртті сутек көп ыстық қайнарлардан тартылған.

13. Исландиялықтар арасында қызылмия аса танымал. Олар бұл өсімдікті тамақтың көп түріне қосады. Тіпті, мұнда қызылмия қосылған шоколад та шығарылады.

14. Исландияда негізінен балық тағамдарын көп жейді. Исландықтардың «хаукарль» деген ұлттық тағамы да балықтың гренландиялық акула деген түрінен жасалады. Бұл тағамның шығуы сонау викингтер заманымен байланыстырады. Бірақ, көп саяхатшылар аталмыш асты жеп көргеннен кейін, оның дәмінен жиіркенгендерін айтады.

15. Исландиялықтар сенімді бәрінен жоғары қояды. Мысалы, жұмысқа қабылдар кезде олар алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме талап етпейді.

16. Alþingi деп аталатын Исландия парламенті әлемдегі ең көне парламент болып саналады. Оның негізі 930 жылы қаланған.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!