Миллионер

TilBil 10 000 адамға шет тілдерін тегін оқытып жатыр

TilBil Online Education – IT компания. Шет тілдерін қазақ тілінде онлайн оқытуды алғашқылардың бірі болып 2017 жылы бастады. Тіл үйретуді уатсап желісімен бастаған компания бірнеше даму сатыларынан өтті. 2020 жылы TilBil отандық тіл үйрету платформасын жарыққа шығарды. Қазір TilBil 10 000-нан астам адамға шет тілдерін тегін оқытып  жатыр.

TilBil қалай құрылды?

Нұрлан Жанай:

Біз 2016 жылы Intellect Incubator қоғамдық қоры ретінде құрылып, командамен бірге жастарды тегін оқыта бастадық. Ағылшын  тілін, SMM, IT саласында білім беріп, IELTS емтиханына дайындадық. Осы қор жұмыс істеп бастаған кезден бастап онлайн білім беру саласына келдік. Кейін қордың құрушылары өз жобаларымен бөлек кетті.  2017 жылы шілдеде Intellect Incubator-дан шыққан шәкірттеріммен бірге «English Practicum» атты жобамен ағылшын тілін онлайн оқытуды бастадық. Алғашқыда қарапайым уатсап желісімен оқыттық. 2018-2019 жылдары орыс, түрік, корей тілдері қосылды. Осы уақыттарда Telegram желісіне көштік. YouTube сабақтары  үнемі жүріп тұрды. Zoom сабақтары қосылды. Үнемі даму үстінде болдық. Методикамызды жаңартып отырдық. 2020 жылдың басында Getcourse арқылы online.tilbil.kz платформасына көштік. 2020 жылы желтоқсан айында көптен күткен TilBil платформасы жарыққа шықты.

TilBil 10 000 адамға шет тілдерін тегін оқытып жатыр

Дәурен Кубеев:

Платформа «барлық қазақстандықтарға құндылық сыйласа, пайдалы болсақ» деп ойладық. Сондықтан 10 000 адамға А1, А2 деңгейлі курстарын тегін береміз деген шешім қабылдадық. Қазір  платформаны жүктеп, тіркеліп, оқып жатқандар саны 10 000-нан да асып кетті. Сұраныс жоғары болғандықтан біз әлі де курстарды тегін беріп жатырмыз.

Кез келген адам App Store немесе Google Play дүкендерінен платформаны жүктеп алып, бір ай көлемінде шет тілін тегін оқи алады.

Кез келген шет тілін ана тілі арқылы үйрену оңай

Нұрлан Жанай:

Біздің елде тіл меңгергісі келген адам ағылшын тілін орыс тілі арқылы оқиды. Ал, кез келген  шет тілін ана тілі арқылу үйрену процесті едәуір жеңілдетеді. Біз о бастан ағылшын тілін қазақ тілі арқылы оқыттық. Ең басты артықшылықтарымыздың бірі де осы. Біздегі барлық тіл  курстары авторлық методикамен жасалған.

50 000 адамға шет тілдерін оқыттық

Дәурен Кубеев:

Қазіргі таңда біз орыс, ағылшын, түрік, корей тілдерін онлайн оқытамыз. 2017 жылдан бері 50 000 адам бізден білім алды. Курс соңында 80 пайыздан жоғары нәтиже көрсеткендер ресми сертификатқа ие болады. Жақында платформадағы тіл курстарын 10-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз.  Жас, тәжірибелі, білімді мамандар сабақ береді. Командамызда 20-дан астам маман жұмыс істейді. Қазір Қазақстанның бірқатар өңірлерінен франшизаларымыз сатылып, филиалдар ашылып жатыр. Кеңею үстіндеміз.                                        

Пакеттер

Нұрлан Жанай:

TilBil плафтормасында үш түрлі пакет бар.  Алғашқысы Free яғни тегін. Қолданушы барлық тілдердің  алғашқы екі деңгейін тегін оқиды. Standard және VIP деңгейлерінде қосымша мүмкіндіктер бар. Практикалық сабақтар мен ілгері деңгей курстары қосылады.

Платформа артықшылықтары

Дәурен Кубеев:

Платформаның  бірнеше артықшылықтары бар. Ең алдымен, интерфейсі  ыңғайлы, қолдануға жеңіл. IOS пен  Android арқылы қолдана алады.  Онлайн болғандықтан график, уақыт, орналасқан жерді талғамайды. Өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқи береді. Тек сабаққа күнделікті  арнайы уақыт арнап, тұрақты көңіл бөлсе болғаны. Платформаға үнемі функциялар қосылып, жаңарып отырады.

Сұхбаттасқан: Сымбат Еркінбек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!