Өмір сүруге, әрбір шуақты күннің жақсылығын қабылдауға не кедергі? Тасты жарып шыққан гүлдей жайқалып, өз қалағаныңыздай өмір сүру сіздің де қолыңыздан келері анық.
«Сосын істермін!» — сіздің армандарыңызды тұншықтырып, уақыт өте келе өзіңізбен бірге көмілетін жаман ауру.
Феррис
Өзіңді өзгерту қаншалықты қиын екенін ойлап көр, сол кезде өзгені өзгертемін деген талпынысыңның бос әурелішілігін түсінесің.
Вольтер
Адамдар неге жақсы әуендерді тыңдайды? Неге кітап оқиды? Өйткені барлығы жанын емдегісі келеді, болмысын қалыптастыруды қалайды. Барлығы әлемнің шындығынан жанын тасалайды. Жақсы әуен, жақсы кітап сенің басыңдағы жағдайды бір сәтке болса да ұмыттырады. Музыканың терең иірімдеріне бойлап, кітап атты өзге әлемнің ғажабына ену арқылы санаңды мазалаған сансыз сұрақтан арыласың.
Сіздің қанша іс істегеніңіз маңызды емес. Маңыздысы — қаншалықты пайдалы болғандығында.
Біз теңізге тамған тамшыдай ғана ақыл тыңдаймыз, есесіне оны шелектеп таратамыз.
Конфуций
Риясыз адалдық — қымбат тұрады, алайда арзан бағаланады.
Илья Шевелев
Егер сіз бір істі қолға алуға жүрексінсеңіз, онда міндетті түрде ең алдымен сол істен бастаңыз.
Арманыңыз, тілегіңіз, табандылығыңыз болса, кез келген кедергіні тесіп шығасыз.
Бір сәтке дамылдаңыз. Адамдар үздіксіз өтіп жатқан көшенің ортасында тұрып, елестетіп көріңізші. Сіз дәл қазір, дәл осы жерде жоқсыз. Мүлдем жоқсыз. Жаяу жүргіншілер өтіп жатыр, көліктер ағылуда, адамдар аялдамада автобустарын тосып тұр, дүкендердің есігі айқара ашық. Анығын айтқанда әлем сізсіз де өмір сүруін жалғастырады. Тоқтамайды. Мұны түсіну қиын, бірақ маңызды. Сол үшін әр күніңізді бағалаңыз.
Егер сіз байқап көрсеңіз, сізде екі жол бар: қолыңыздан келеді немесе келмейді. Ал егер байқап көрмесеңіз, тек бір ғана нұсқамен шектелесіз.
Өз қорқыныштарын, жалқаулығын, сенімсіздігін, бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі жеңген адам ғана жеңімпаз атанады.
Өмірді кейінге қалдыруды қойыңыз. Жалақы түскенде аламын, еңбек демалысына шыққанда барамын, көктемге таман көрермін деуді доғарыңыз. Әйтпеген жағдайда күнтізбедегі босқа өткен күндер үшін, өткізіп алған мүмкіндіктер үшін өкінетін болсаыз.
Адам «Болмайды!», «Қолымнан келмейді!», «Рұқсат етілмейді!» сынды абақтыға өзін-өзі жабады. Содан кейін бостандықта өмір сүретіндерге қызығады және қызғана қарайды. Бостандық пен абақтыны таңдау өз қолыңызда.
Дайындаған: Маржан Сәбет