Психология

Сәтсіздіктен сақтайтын 15 кеңес!

Сәтсіздіктен сақтайтын кеңестерге құлақ түріңіз!

Сәтсіздіктен сақтайтын 15 кеңес кәдеңізге жарары анық. Бәрі өте қарапайым. Кейде, сүрлеу жолға түсіп алған сүреңсіз тіршілігімізді өзгерткіміз келеді. Өзгерек өмір бастап, жаңаша тыныстауды армандаймыз. Барынша сол арманға қадам жасап көрген боламыз. Алайда, сәл жолымыз болмаса, сол қадам автоматты түрде кейін шегінеді. Сәттілік — тек туа бітті даритын бақ деп ойлаймыз… Бірақ, қателесеміз. Сәттілік кез келген адамның қасында жүреді. Тек оны байқау немесе мойындау қиын. Ендеше, сіз бен бізге керек сәттілік шақыратын кеңестерге назар аударыңыз.

1. Жолы болғыш адамдардың бәрі бірдей ақылды және олар ешқашан қателеспеді деп ойламаңыз.

2. Егер сіз «ақымақтар» ғана қателеседі деп сеніп, өзіңіз шалыс қадам басудан қорқатын болсаңыз, ешқашан сәттілікке жолыға алмайсыз.

3. Егер жеткен жетістігі аз немесе мүлде жоқ адамдарды кемсітіп, менсінбесеңіз, оның күйін міндетті түрде сіздің де басыңыздан өтеді.

4. Егер өзіңізді үнемі кәсіпқойлармен салыстырсаңыз, олардың қасында ештеңеге қабілетсізбін деп санасаңыз, ешқашан сәттілікке кезіге алмайсыз.

5. Егер сіз басқа адамдардың жетістігін қызғанып, көреалмаушылық танытсаңыз — дәрменсіз, «бейшара» болғаныңыз ғой.

6. Сіздің қандай да бір қабілетіңіз бар. Бірақ оны аша алмадыңыз. Онда бойыңыздағы қабілетіңізден өзге, жаңа нәрсе үйренуге тырыспаңыз. Өйткені, өз бойындағы табиғи дүниені таппаған адамның жолы бола қоюы екіталай.

7. Егер сіз әрдайым кінәсізбін деп және өз қателіктеріңізді ешқашан мойындамасаңыз;

Үнемі  сіз, кездескен қиындықтан шығар жолды іздеудің орнына, оң нәтижеге жетудің мүмкін еместігіне себеп іздеуге бейім болсаңыз – жолы болғыштар қатарына ешқашан енбейсіз.

8. Егер сізде жаман көңіл-күй ұзақ уақыт бойы үстемдік етсе;

Кез келген нәрсенің немесе адамның тек жағымсыз жағын бірінші көретін болсаңыз;

Өз бойыңыздағы әлсіз тұспен бетпе-бет келуге қорықсаңыз, бұлар сізге сәттіліктен бұрын ауру алып келетінін ұмытпаңыз.

9. Егер сіз жаңашылдықты ұнатпасаңыз және оны қабылдаңыз келмесе;

Армандауды ұмытып кетсеңіз;

Тек қорғаныс позициясын қолдана отырып, сын-пікірге құлақ аспасаңыз – қаққан қазықтан айырмашылыңыз қайсы?!

10. Егер сіз бос уақытыңызды тек теледидар қарауға жұмсасаңыз;

Денсаулығыңызға мән бермей және спорт деген сөзден ат-тоныңызды ала қашсаңыз — миыздың табиғи «чиптерін» өзіңіз өшіріп жатырсыз деген сөз.

11. Біліміңізді іс жүзінде қолданбасаңыз;

Ақылды адамдардан қашып, ақылды болатын орта іздесеңіз;

Кеңес сұрауға тәкаппарлық танытсаңыз – сәттілікке серік бола алмайсыз.

12. Егер сіздің сенімсіздігіңіз ішкі әлем емес, сыртқы факторларға байланысты болса (автомобиль, киім, ақша т.б);

Және барлығына тек осы сыртқы факторларды кінәлауға бейім болсаңыз;

Тартыншақтық пен шешімсіздіктің иесі болсаңыз – сәттіліктің дәл жаныңызда тұрғанын да байқамай қаласыз.

13. Егер сіз, басқа адамдардың пікірін тыңдауға шыдамдылық танытпасаңыз, бәрі сіздің көзқарасыңызды ұстануы керек деп ойласаңыз;

Өз мақсаттарыңызға жету үшін, өзгелерді әділетсіз, аяусыз пайдалансаңыз немесе кісі ақысын жесеңіз, «бақыт кілтін» мәңгіге жоғалттым деп ойлаңыз.

14. Егер өз жағдайыңызды жақсарту үшін оңды-солды келген барлық тәсілді пайдалану керек деген пікірді ұстанатын болсаңыз;

Қызметіңізді ынтымақтастық пен ауызбіршілікке емес, бәсекелестік шарттарына сүйене отырып жасасаңыз да көп жетіскке жетпейсіз.

15. Егер сіз қазіргі жағдайыңызға көңіліңіз толмаса, немесе тіпті жек көрсеңіз, онда ол сезімнен дерек құтылуға асығыңыз. Бүгінгі заманның бар мүмкіндігін игілігіңізге арнаңыз, өзіңізді дамытуға бірден кірісіңіз.

16. Сізге қандай болашақ керек. Алдағы 5-10-15 жылда өзіңізді қай мінберден көресіз? Соған қарай  нық қадам басуды қазірден бастаңыз. Іске сәт!

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!