Психология

Түс және оның бизнеске әсері

Түс бизнеске қалай әсер етеді?

Түс адамның қабылдау мен зейініне тікелей әсер етеді. Тіпті психологияда түске қатысты жеке бөлім бар. Ол адамның қай түсті жағымды қабылдайтынына қарай мінез бен ерекшелікті анықтауға бағытталған. Түс кәсіп пен бизнес әлемінде ерекше орын алады.

Түс және маркетинг

Маркетингте түстің рөлі ерекше. Сатып алушылар жаңа тауардың біріншіден түсіне мән береді. Визуалды тартымдылығы маңызды деп есептелінеді. Тауарлардың 1 пайызы иісіне байланысты, 6 пайызы фактурасына, 93 пайызы визуалды тартымдылығына байланысты сатылады. Сатып алушылардың айтуы бойынша 85 пайызы түске мән береді. 15 пайызы ғана басқа факторларға назар аударады.

Түс және брендинг

Жеке бренд жасау барысында құрастырушылар түске баса назар аударған жөн. Себебі  тауардың танымалдылығы логотип пен бренд атауындағы түске тікелей қатысты. Сәтті таңдалған түс бренд танымалдылығын 80 пайызға арттырады екен.

Сатып алушы және түс

Түс тауардың дизайнында алдыңғы орынды алады. Бірақ түстің қабылдануы әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, америкалықтар ұнататын көкті үндістер ұнатпауы мүмкін. Түсті сатылым кезінде дұрыс пайдалану пайданы көбейтуге әсер етеді.

Сары – оптимистік көңіл күйді оятады. Сатып алушы назарын сөреге аударады.

Қызыл – қуат алып келеді, жаппай сатылым кезінде қолданған тиімдірек.

Көк – сенімділік әсерін тудырады, банк және ірі бизнеске тиімді.

Жасыл – көзге қабылдауға ең оңай түс, дүкендегі демалыс аймағына жарасады.

Қызғылт-сары – әрекет етуге шақырады.

Қара – люкс деңгейіндегі тауарға қолданылады.

Күлгін – әйелдер мен қыздарға арналған тауарлар маркетингісінде пайдаланылады.

Түс және тұтынушы

Түстер тұтынушылардың түрлі деңгейіне әр түрлі әсер етеді. Сонымен қатар тұтынушының шешіміне тікелей араласады.

Сауда орындары сатылым кезінде қызғылт-сары және қара түсті импульсивті клиенттерге оң әсер ету үшін қолданады.

Көк және жасыл түстер үнемшіл тұтынушыларға ұнайды. Оларды банктер мен үлкен дүкендерге қолданған дұрыс.

Күлгін, ақ түстер дәстүрлі сатып алушылар үшін оң әсер етеді. Мұндай түстерді киім-кешек дүкендерінде пайдалануға кеңес беріледі.

Өзге де факторлар

Сатылымға түспен қатар өзге факторлар тікелей әсер етеді. Жылдамдық, ыңғайлылық – сатып алуға әсер ететін факторлар. Сонымен қатар тұтынушылардың 52 пайызы «жеңілдік» деген жазуы бар дүкендерге кіреді. Ал 60 пайыз тұтынушылар сапа кепілдігі үшін тауарды сатып алуға бел байлайды.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close