Салауат

Беттегі әжімнен бизнес-идеяға дейін: FaceFitness орталығы

Беттегі әжімнен пластикасыз құтылу жолы

Беттегі әжімнен қалай құтыламын деп өзінің бизнесін ашқан Толқын Маратқызы нәзік жандылардың бет күтіміне ерекше көңіл бөлгенін қалайтын жан. Алайда күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, оған әрдайым уақыт таба бермейтініміз рас. Оған қоса ауаның ластануы да бет терісіне кері ықпалын тигізбей қоймайды. Күтім жасауына немесе генетикасына, тіпті күнделікті ішетін тамағына қарай жасы бірдей әйелдердің жүзі әртүрлі көрінуі мүмкін. Ал жас көріну үшін хирургиялық әдіске жүгіну міндетті емес.

Беттегі әжімін бизнес-идеяға айналып, еліміздегі өз саласының алғашқы маманы атанған Толқын Маратқызы  талай қыз-келіншектің пластикалық отасыз-ақ жастығын «құтқарып жүр». Сіз де бет әжімнен құтылуды, табиғи жолмен жасаруды армандап жүрсіз бе? Ендеше FaceFitness орталығы және Толқын Маратқызы туралы ақпаратқа қанық болыңыз. 

«Өмірін өзгерткен бір әжім»

Толқын өмірін өзгерткен шешімді қай кезде қабылдады дейсіз ғой? Үшінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін ол жүзіндегі алғашқы әжімдері мен бет терісіне күтім керегін анық байқайды. Қатарлас құрбыларының ботоксқа жүгініп, хирургиялық операцияға барғанын көрген ол: «Егер дене бітімін фитнес арқылы қалпына келтіре алатын болсақ, неге бет әлпетін де фитнес көмегімен «жасартуға» болмасқа?» деп ұзақ ізденеді. Арнайы массаждар мен бетке арналған жаттығулар іздей бастайды. Толқын өз бет әлпетінің жағдайын анықтап алмастан жаттығу жасағандықтан, алғашында процесс кері әсерін бере  бастады. Сол сәтте ол арнайы тренермен бастау керегін түсінеді.

Бастапқыда online тренермен жаттығуларды бастап, оның аздық ететініне көзі жетті. Осылайша, ізденіспен Ресейге аттанады. Арнайы мектептерде фитнес бағдарламаларды үйрене бастаған сәтте ол Кэрол Мадджио туралы естиді. Бет гимнастикасына арналған голливудтық Facercise жүйесінің авторы әрі негізін қалаушы Кэрол Мадджионың мектебінен өтіп Толқын еліміздегі ең алғашқы фейсфитнес саласындағы лицензиялы маман атанды.

«Кеңестер де көңілге тиеді…»

Толқын сүйікті ісіне айналған хоббиін тереңірек зерттеген сайын айналасындағы қыз-келіншектерге ерекше назар аудара бастады. Олардың бет әлпетіндегі әр әжім мен қыртыстың себебін тауып, салдарымен күрескісі келді. Құрбыларымен кездесулері кеңес берумен аяқталатын болды. Бірақ сол кезде ашық сын мен артық кеңес айту олардың көңілдеріне тиетінін аңғарады. Таныстарын косметологтың екпесі мен хирургиялық пышақтан барынша құтқарғысы келді. Алғашында 2015 жылдың өзінде 60-тан астам адамды фейс фитнеске үйретті. Бірақ әйелдердің «жалқаулығына» таңғалғанын жасырмаған ол: «Мен өзімнің негізгі аудиториям 30-40 жас шамасындағы әйелдер деп ойлағанмын. Бірақ 30-дан кейін көптеген әйелдер бет-әлпетіне күтім жасауды қажетсінбейді, олардың ойынша, бет терісі кейбір қатарластарынан қарағанда жас әрі әдемі көрінеді-мыс. Көпшілігі осы оймен әжімдерінің еселенуіне жағдай жасап, алдын алуға күш жұмсағысы келмейді» деп өз ойын айтқан еді. Ал қазір әлеуметтік желілер мен танымал видео хостингте Толқынның оқырмандары 16 жастан асқан нәзік жандылар. Демек бикештердің фейс фитнеске деген көзқарасы қалыптасты деген сөз.

 Қартаюға қарсы массаждың түрлері мен пайдасы

Қартаюға қарсы массаж бен бетке арналған фитнестің әсері мезотерапия, аппараттық косметология тіпті, пластикалық хирургиядан кем түспейді.

FaceFitness, әсіресе, бет терісінің қартаюын алдын алатын керемет құрал деуге болады. Мұндай массаждардың негізгі екі түрі болады:

Бет мүсінін қалыпқа келтіруші массаж

Мұндай массаж бет терісі мен барлық бет бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы лифтинг әсерін береді. Оны бірінші жаттығудан кейін-ақ байқауға болады. Толық курс аяқтағаннан кейін беттің ісінуі қайтып, бұлшықеттің каркасы мен бет мүсіні тартылады.

Интероральды массаж

Бұл массаж ауыз қуысы арқылы жасалады. Тек бет терісін ғана емес, беттің қан айналымын жақсартып, терінің созылмалылығын арттырады. Массаж тіпті ұсақ дефектілерді де қалпына келтіреді. Оның көмегімен ерінді үлкейтіп, тері қатпарларын жазуға болады. Массаждың техникалары туралы толық ақпаратты Толқын Мараттың арнайы курстарынан біле аласыздар.

Дайындаған: Балжан Халық

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!