Дәрумендер ішу әлбетте денсаулыққа пайдалы. Алайда дәрумен деп ойланбастан іше беруге болмас. Төмендегі басшылық ұзақ уақыттық зерттеулердің нәтижесі. Дәрумендер ішінен қайсысын аш қарынға, қайсысын тамақпен ішу керектігі айтылған.
Таңертең
Темір – гемоглобиннің негізгі құрауыш бөлігі. Оның жетіспеушілігі кезінде адам өзін шараңқы сезінеді және иммунитет әлсірейді. Темірді таңертеңгі уақытта аш қарынға тұтынған дұрыс. Артынан кофе немесе шай ішудің қажеті жоқ. Себебі кофеин мен танин оның организмге сіңуін баяулатады.
Есіңізде сақтаңыз: кальций мен темір қатар пайдаланылмауы тиіс.
С дәрумені – иммунитетті қалыпта ұстап, күш беретін әлді антиоксидант. Ол қанның құрамында ұзақ сақталмайды.
С дәруменін таңертең пайдаланыңыз және күн бойына бірнеше рет ішіңіз.
В дәрумені тамақтың қуатқа айналуына көмектесіп, зат алмасуды жеделдетеді.
В дәруменін таңғы аспен қатар тұтынған пайдалы.
Осылайша қуаттың деңгейі жеткілікті дәрежеге көтеріледі.
Е дәрумені жасушаларды бос радикалдардың жағымсыз әсерінен сақтайды. Сонымен қатар жүрек-қан тамыры жүйесіне де пайдалы.
Е дәруменін майлы өнімдермен қатар пайдаланған дұрыс. Мысалы, жаңғақ, авокадо, сүт және т.б.
Күндіз
Коэнзим Q10 қуаттың өндірілуіне әсер етеді. «Биологиялық оталдырғыш» деп те аталады.
Майлы құрамы бар препараттарды таңертең немесе күндіз тұтынған жөн.
Себебі ұйқыға әсер етпеуі тиіс.
Цинк – балық, жаңғақ, моллюскалардың құрамында болатын маңызды минерал. Ол иммундық және репродуктивті жүйені қалыпта ұстап тұрады. Күндіз тағаммен бірге пайдаланыңыз.
Цинкті кальций немесе темірмен қосып тұтынбаңыз.
Йод қарапайым тағамдарда аз мөлшерде кездеседі. Осы себепті йод көп кездесетін өнімдерді тұтынған дұрыс. Ол ойлау қабілеті мен терінің саулығына әсер етеді.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, йод организмдегі қуат мөлшерін арттырады. Оны күндіз тұтынған дұрыс.
Кеш
Д дәрумені күн сәулесі түскенде синтезделеді. Ол сүйектің, бұлшық еттің, тістің саулығын қалыпта ұстайды. Кальцийдің организмге сіңуіне әсер етеді.
Д дәруменін майлы тағамдармен қатар пайдаланған дұрыс.
Ғалымдар оның ұйқыға кері әсерін анықтаған. Сол үшін кешке қарай тұтыныңыз.
К дәрумені – майлы ерігіш дәрумен. Ол қанның ұюын жылдамдатады. Сонымен қатар сүйектің саулығын қалыпта ұстайды.
К дәруменін кальций, Д дәруменімен қатар тұтыныңыз.
Балық майы Омега-3, майлы қышқылдарға бай. Оны тағаммен немесе қосымша ретінде пайдаланған жөн. Мидың жұмысы мен дұрыс жетілуіне көмектеседі. Оны тағаммен бірге тұтынған дұрыс.
Кеш-Түн
Кальций – организмде көп таралған дәрумен. Оның басым бөлігі сүйек пен тісте болады. Сонымен бірге жүйке импульсы мен бұлшық ет жұмысына пайдалы.
Кальций организмге түнде жақсы сіңеді. Сол себепті ұйықтар алдында тұтынған жөн.
Магний денедегі мөлшері жағынан төртінші орынды алатын минерал. Сүйек пен тістің саулығына әсер етеді. Жүйке жүйесін тынышталдырады.
Магний ұйқыны жақсартады. Оны кешке пайдаланыңыз.
Пробиотиктер – тірі организмдер, пайдалы бактериялар. Ішекте қорғаныс қызметін атқарады.
Пробиотиктерді аш қарынға немесе тамақтан 50-60 минут бұрын ішкен дұрыс.
Бұл ас қорыту жүйесінің ферменттермен әсерлесуін баяулатады.
Дайындаған: Назархан Уән