Салауат

Дұрыс тамақтану сызбасы

Дұрыс тамақтануды бастамас бұрын, алдымен оның сызбасын жаттау керек. Ол сызба сізге қай уақытта қандай тағам жеуге болатынын үйретеді. Сонымен, дұрыс тамақтанудың дәстүрлі түсінігінде біз күніне 5 рет ас ішеміз.

Таңғы ас. 🕘 Күрделі көмірсулар немесе ақуыз (ұзақ дайындалған сұлу жармасы, бір уыс жидек пен жаңғақ, қантсыз мюсли, жеміс шырыны, құймақ және т.б.). Тәтті жегіңіз келсе, осы таңғы аста жеп алған жөн.

Жүрек жалғау. 🕦 Таңғы астың ауырлығына тікелей байланысты. Бұл бір уыс жаңғақ, жемістің бір түрі, аз мөлшердегі кептірілген жеміс, сүзбеден жасалған ірімшік қосылған тұтас дәнді нан болуы мүмкін.

Түскі ас. 🕜 Көмірсулар + ақуыз + жасұнық. Мысалы, тауық қосылған қарақұмық + көкөністен жасалған салат.

Жеңіл-желпі тамақтану. 🕓 Көбіне ақуыз немесе аз ғана жай көмірсулар. Бастысы, жүрек жалғау кезіндегідей тамақтың мөлшерін бақылау қажет. Түскі ас кезіндегідей тымпиып тойып алмаңыз.

Кешкі ас. 🕕 Ақуыз + жасұнық. Тауық еті/сиыр еті/үрмебұршақ/жұмыртқа/сүзбе + салат.

Болды! Дұрыс тамақтанудың дұрыс сызбасы осындай. Енді жазылғанның бәрін жақсылап зерттеп, дұрыс тамақтануды күнделікті әдетіңізге айналдырсаңыз болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close