Салауат

Медитация – артық ойдан арылу техникасы

Медитация тарихы

Медитация – психикалық жаттығулар. Артық ойдан арылып, жаттығу керек. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты медитация түрлері, оның пайдасы туралы материал дайындады.

Медитацияның тарихы

Медитация тарихы 3000 жылдықты қамтиды.

Алғашқыда адамдар оны Құдайға құлшылық ету мақсатында жасады.

Медитация алғаш Будда дінінде пайда болды. Х ғасырда христиандар, ХІ ғасырда мұсылмандар осы техниканы қолдана бастады. ХІХ –ХХ ғасырларда үнді философтары Еуропа және АҚШ университеттерінде медитация жөнінде дәріс өткізді. Кейін оны Фрейд және Юнг есімді психологтар зерттеуді қолға алды.

Медитацияның 9 түрі

Шаматха (таза ес) – ішкі тыныштықты орнату үшін жасалады.

Випашьяна – ойлау жүйесін жақсарту үшін жасалады.

Трансцендентальды дыбыс, сөз не әуенді қайталау арқылы жасалады. Көбіне кинода «Ом-м-м» деп отыратын адамдарды мысалға келтіруге болады.

Тратака – қараңғыда май шам жағып жасалады.

Анапанасати – тыныс алуға бағытталады.

Сахадж Марг – жүрек соғысына арналған.

Випассана – ішкі түйсік арқылы жасалады.

Кундалини – денедегі чакраға ден қояды.

Саттипатхана – ой, сезім, денеге зейін қояды.

Медитация қандай нәтиже береді?

Қазіргі таңда Google, Apple, Qiwi және Сбербанк сияқты атақты компаниялардың топ менеджерлері жақсы нәтижеге жету үшін медитация жасайды.

Пайдасы:

Зейін қою: 8 аптада ми концентрациясын жақсартуға болады.

Ми құрылысы: мидың маңдай бөлігінде сұр зат бөлінеді. Ол шешім қабылдау, есте сақтау, зейін қоюға жауап береді. Одан бөлек мидағы бетта толқындарының деңгейін төмендетеді. Соның арқасында ми жақсы демалады.

Стресс: 30 минутта ренжу, қобалжу сезімдерінен арыласыз. Ал 8 апталық курс арқылы депрессиядан құтыласыз.

Тәуелділік: ішімдікке тәуелді жандарға тәжірибе жасалған. Сонда випассана медитациясы арқылы ішімдік пен есірткі тәуелдігінен жазылып шыққандар болған.

Ауру: ауруды басатын дәрі қызметін атқара алады.

Медитацияны қалай жасаймыз?

Медитация белгілі бір позада қатып қалу емес. Бар назарды соған салып, миды артық ойдан тазарту. Оған дайындық керек.

Неден бастаймыз:

Алдымен сізді ешкім мазаламайтын тыныш жерге барыңыз.

Өзіңізге ыңғайлы етіп отырып алыңыз.

Тыныс алыңыз және басқа нәрсені ойламауға тырысыңыз. Ойыңыз басқа нәрсеге түссе, ашуланып, сөйлеп кетудің қажеті жоқ. Қайтадан бастаңыз. Деміңізді бақылау үшін санауға болады.

Бастапқыда 5 минуттық  жасаңыз. Сосын күн сайын уақытын ұзартыңыз.

Өзіңізді жақсы сезіну үшін сізге тыныштық сыйлайтын музыка, судың сылдыры немесе құстардың дыбысын тыңдасаңыз рұқсат.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!