Тіс пастасы қаншалықты пайдалы? Тіс эмалінде 4 минут болу арқылы ол қалай көмектеседі? Кариесті жойып, тістің саулығын қалай сақтайды? Ауыз қуысының тазалығы тістің саулығын қамтамасыз етеді. Тіс щеткасы тісті қалай тазартса, пасталар оның тиімділігін арттырады. Balbal.kz тіс пастасының пайдасы жайлы материалды назарыңызға ұсынады.
Тіс пастасы жайлы түсінік
Қарапайым щетканың көмегімен тістегі тамақ қалдықтарынан тазалауға болады. Ал ауыз қуысына қатысты өзге де мәселелер мен аурулар туындаған жағдайда, дәрігелер белгілі паста түрлерін пайдалануға кеңес береді. Олардың құрамы мен тіске тигізер әсері де әр түрлі. Пасталар емдеу барысында қосымша терапия қызметін атқарады.
Тісімізді неліктен тазартамыз?
Ауыз қуысында зиянды бактериялар – «Streptococcus mutans» өмір сүреді. Олар көміртек және тағам қалдықтарымен қоректенеді. Бұдан кейін бактериялар қышқыл бөледі. Тіс эмаліне тиген қышқыл оның бұзылуы мен кариестің пайда болуына әсер етеді.
Бактериялардың көп шоғырланатын орыны – тіс өңезі. Ол ауыздағы тамақ қалдықтарынан пайда болады. Осы себепті мұнда бактериялар өмір сүріп, көбейеді. Тіс тазалаудың басты мақсаты – өңездерді жою. Тіс бір қарағанда таза болып көруі мүмкін. Дегенмен өңездің жұқа қабаты – пелликула қалады. Егер таңретең және кешке тіс жусаңыз, бактерия санын азайтасыз. Бұл кариестің пайда болу ықтималдығын төмендетеді.
Тәулік бойына тісімізді қорғай алмаймыз. Өйткені күніне бірнеше рет тамақтанамыз. Сондықтан тіс өңезін тазалау аздық етеді, бізге эмальді қатайту керек.
Тіс пастасы не үшін қажет?
Эмаль адам ағзасындағы ең қатты материал – гидроксиапатит кальцийден тұрады. Мұның арқасында біз тістеп, кеміре аламыз, кез келген тағамды жейміз. Алайда қышқылдың көбеюі гидроксиапатиттің химиялық құрамын төмендетеді. Егер қажетті минералдар орынын толықтырмаса, эмальде кариес қалыптасады.
Эмальді қатайтатын басты минерал – фтор. Әдетте, ағза бұл минералды тағам мен судан алады. Дегенмен сыртқы орта мен жас мөлшеріне байланысты оның мөлшері барлық уақытта жеткілікті болмайды. Эмаль фтор және кальциймен қамтылуы үшін ғалымдар тіс пастасын ойлап тапқан.
6 жастан асқан балалар мен ересектерге фтор концентрациясы 1 350 ppm-ді құрайтын тіс пастасын қолдану кеңес етіледі. 6 жасқа толмаған балалар 1 000 ppm фтор бар пастаны пайдалануы қажет.
Кальций де, фтор секілді, гидроксиапатитті күшейтеді. Алайда тіс кальцийді тағамнан бала күнімізде ғана алады. Ересек адамның кальцийге бай тағамдарды тұтынуы эмальді қатайта алмайды.
Тіс пастасын қалай қолдану керек?
Айтып өткеніміздей, тісті таңертең және кешке 2 минут көлемінде жуу керек. Бірақ кешкі уақытта тіс жуғанда ауыз қуысын сумен шайқаудың қажеті жоқ. Себебі адам ағзасында кариеспен күресетін табиғи механизм – сілекей бөліну. Ол бактерияларды жояды. Құрамында фтор мен кальций де бар. Түнде сілекей бөліну процесі баяулайды. Аталмыш процесті жақсарту үшін фтор қажет. Кешкі тіс жуудан кейн аузыңызды сумен шайқаудың қажеті жоқ. Фтор молекулалары эмальге сіңіп, миркобтардан қорғайды.