Салауат

Толқын Маратқызы: Денсаулықты күту – сұлулық кепілі

Массаж бен тамақтың денсаулыққа әсері

Денсаулықты күту арқылы ұзақ өмір сүріп, кәрілік азабынан алыстауға болады. Алайда өз денемізге, ішкен асымызға мән бермейміз. Дұрыс емес өмір салты, зиян тағамдар денсаулығымға үлкен зардап әкелуі мүмкін. Balbal.kz мотивациялық сайты Толқын Маратқызының тікелей эфирін тамашалай отырып, аурудың себептері және массаж бен тамақтың денсаулыққа әсері туралы материал дайындады.
Толқын Маратқызы — Facefitness орталығының негізін салушы, талай қыздың бетін отасыз құтқарып жүрген фейстренер.

Толқын Маратқызы:

Холестериннің денсаулыққа маңызы

Қазіргі таңда жас қыз-келіншектер толып кетуден қорқып, холестерині көп тағам мен майдан бас тартып жатады. Алайда ол элементтер адам ағзасына жетпесе, денсаулыққа нұқсан келеді.
Холестерин жыныс жасушаларын реттеп отырады. Холестерин аз болса, әйелдерде климакс ерте келіп, еркектерде импотенция басталады. Ерте қартаю процесі орын алады. Холестериннің екі түрі болады: жоғары қысымды липопротеид – жақсы май және төменгі қысымды липопротеид – жаман май. Егер ағзаға жақсы май түспесе, бауыр жаман майды бөліп шығарады. Жаман майлар гормондардың қызметін бұзады. Холестерин жеткілікті болу үшін таңертен күніне 2-3 жұмыртқа жеу керек. Холестериннің көп мөлшері сарысында болады. Одан бөлек қазы, құйрық май жейді. Алайда оны трансмайлармен шатастырып алмаңыз.

Д дәрумені неге жеткіліксіз?

Жастар арасында Д дәрумені жетіспеушілігі белең алған. Себебі олар май жемейді. Ал Д дәрумені майлы тағамдар арқылы сіңеді. Д дәруменінің қалыпты жағдайы – 60-70. Д дәрумені гормондық балансқа жауап береді. Ол жеткілікті болмаса, бетке әжім түсе бастайды.
Д дәрумені қойдың құйрық майын жеу керек. Тамақты мейлінше сапфир не зәйтүн майына істеңіз. Зәйтүн майын 180 градустан артық қыздыруға болмайды.

Оқи отырыңыз: «Толқын Маратқызы. Қос дипломымды фейсфитнеске алмастырдым»

Судың құрамы қандай болу керек?

Су ішу керегін барлығы жақсы біледі. Алайда судың құрамына да мән беру керек. Мысалы гейзер арқылы тазартылған судың құрамында минералдар жоқ, яғни пайдасы да аз. Ал шектен тыс минералды су тіптен зиян. Ішкен суыңызды тестер арқылы тексеріп ішкен жөн. Пайдалы судың құрамы 6-8 ді көрсетеді.

Аштық жасау

Асқазан тазарту үшін аштық жариялау терапиясы бар. Оны өз бетінше жасауға болмайды. Ең алдымен өт қабын тапсырып, дәрігермен кеңесу керек. Әлсіреп қалмас үшін аштықты бірден жасамаңыз. Екі-үш күн дайындалу керек. Химиялық тағам, қамыр, т.б. ауыр тағамдардан шектеңіз. Кейін 7 күн аштық жасаңыз. Аштық біткеннен кейін бірден тамақ жеуге кірісуге болмайды. Асқазанға одан әрі зиян болады. Аштықтан соң тек жеміс шырынына көшіңіз. Одан кейін 3-4 күн тек пюре жеңіз. Содан кейін қарапайым тамақ жеп бастаңыз.

Эндокринологтар білмейтін сыр

Қалқанша безі аурулары қазір көп кездеседі: зоб, гипертериоз, т.б. Қалқанша безі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда көзіңіз шығыңқы, тыныс алуыңыз қиындап кетеді, гормондық жүйе бұзылады, жатырда киста пайда болады. Ауру асқынған кезде эндокринологтар эутироксты жазып береді. Алайда оның әсері наркотик сияқты. Бұл дәрі қалқанша безінің үйреніп, өздігінен жұмыс істемеуіне әкеледі.
Бұл аурудың себебі – қанның дұрыс бармауы. Қазіргі таңда дене жаттығуларын жасамай, отырып жұмыс істегеннен мойын қысылады, қыртыс түседі. Мойын қысылған соң, қан дұрыс бармайды. Бұл жағдайда мойынға массаж жасау керек. Бос уақытыңызда мойныңызды айналдырып, жаттығу жасаған абзал.

Варикозға вестральды массаж

Варикоз деген – вена қан тамырларының қатты көрінуі. Әйел адамдардың аяғына шығып кетіп жатады. Вена қан тамырларының клапандары бұлшықетке байланысты ашылып-жабылады. Ал бұлшықет қысылып қалса, қан бармай, вена ісінеді. Сол үшін қай бұлшықеттің қысылғанын анықтап, босату керек. Оны вестральды терапия арқылы емдейді. Вестральды массаж ол денедегі әр ағзаны өз орнына қойып, бұлшықеттерді босатады. Бұлшықетті босатқаннан кейін венаны қатайту үшін жылқы каштанын қабылдау керек.
Вестральды массаж ісініп кеткен ішті босату үшін де жасалады. Осы арқылы асқазанды босатуға болады.

Оқи отырыңыз: «Беттегі әжімнен бизнес-идеяға дейін: FaceFitness орталығы»

Еріннің екі бүйірі төмен түссе…

Толқын Маратқызы жас ұлғайған сайын ерін бүйірлері төмен түсе бастайтынын айтады. Ерін жанындағы мүйізді бұлшықеттер жұқарып, төменгі қабат қысқара бастайды. Қысқарғаннан кейін бұлшықет жасырынып, қорек алмайды. Ерін жұқарғасын әжімдер пайда бола бастайды.
Ерін бұлшықеттерін тексеру үшін қолыңызды аузыңызға салып, екі бет еттерін шымшимыз. Егер барлығы бірдей көлемде тегіс болса, онда ерін бүйірі төмен түспеген. Ал қатпар болса, ұстаған кезде жұқа боп тұрады. Уақыт өте келе ол мойынға қарай түседі.
Осы қатпарды жазып, тегістеу үшін бұлшықетті уқалау керек. Мұны интероральды массаж деп атайды. Ол ерін бүйірін кетіріп қоймай, қан айналымын жақсартады.
Мойныңыздағы дүңгіршекті тауып, қатты басып, уқалаңыз. Дүңгіршекті басқан кезде бетіңіз тартылады. Ерін бұлшықеттерін қатайту үшін мынадай жаттығу жасайсыз:
1. Ерінді сыртқа шығарып, «а» деп тұрыңыз.
2. Ауыздан иекке қарай бұлшықетті итеріңіз.
3. Енді «о» деп тұрыңыз.
4. Иектен ауызға қарай тартыңыз. Осы жаттығуды 30 рет жасайсыз.

Массаж, жаттығу жасау техникалары туралы толық ақпаратты Толқын Маратқызы өткізіп жүрген арнайы курстардан біле аласыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!