Салауат

Үй жағдайындағы бет күтімі: 6 оңай маска

Үй жағдайындағы бет күтімі оңай әрі жеңіл. Бет күтімі үш кезеңнен тұрады: бет терісін тазалау, күту, теріні қалпына келтіру. Назарларыңызға үй жағдайында әзірлеуге болатын маскаларды ұсынамыз.

 

Бет тазалайтын маскалар

Үй жағдайында бет тазартатын маскалар құрамының негізі – сұлы, сұлы ұны. Бетіңізді тазалау сізді артық безеулерден құтқарады.

 Майлы бет терісі үшін:

құрамы:
-сұлы (овсянка);
-жұмыртқа сарысы;
-1 қасық бал.
дайындау әдісі: сұлы жармасын жұмыртқа сарысы мен бал қосып араластырыңыз. Оны бетіңізде 15 минут ұстайсыз да, жылы сумен шайыңыз.

 

Құрғақ бет терісі үшін:

құрамы:
-сұлы;
-1 қияр;
-1 қасық қаймақ.
дайындау әдісі: сұлы жармасын тілімделген қиярмен араластырып, үстіне қаймақ қосыңыз. Бет терісіне үлестіріп, 20 минут ұстайсыз. Масканы түймедақ сығындысымен сүртіп тастаңыз.

 

Бет күтіміне арналған маскалар

Бет күтімі – тері жарқырауына тура жол. Майлы немесе құрғақ тері болсын, күтімге зәру.

Жемісті маска

құрамы:
-1 алма (немесе 100 г қауын);
-30-50 мл айран (майлы тері үшін);
-2 қасық қаймақ (құрғақ тері үшін).
дайындау әдісі: алма немесе қауынды миксерде араластырыңыз. Шыққан жеміс пюресіне айран не қаймақ қосасыз. Бетіңізге қалың қылып жағып, 20 минуттан кейін тазартыңыз.

 

Алоэ маскасы

құрамы:
-1 ас қасық глицерин;
-50 г жылы су;
-2 ас қасық алоэ сығындысы;
-сұлы ұны.

дайындау әдісі: глицеринді жылы сумен және алоэ сығындысымен араластырыңыз. Сұлы ұнын қосу арқылы қоспаны қоюлап, оны тазартылған бет терісіне жағыңыз. 20 минуттан кейін масканы арнайы бет тазартатын құралдармен жуғаныңыз абзал.

 

Теріні қалпына келтіретін маскалар

Бет күтімінің үшінші кезеңіне арналған маскалар құрамы өте оңай. Теріңіздің қалпына келуі үшін төмендегі маскаларды қолданыңыз.

Банан-бал маскасы

құрамы:
-1/2 банан (немесе өрік/авокадо);
-1 қасық бал;
-1 жұмыртқа сарысы
(егер тері өте құрғақ болса, бірнеше тамшы миндаль майын қосқаныңыз абзал).

дайындау әдісі: бананды шанышқымен үгітіп, оған бал, жұмыртқа сарысы мен миндаль майын қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, ыңғайыңызға қарай су буына ысытуға болады. Маска 20 минут тұруы қажет.

 

Шоколад-йогурт маскасы

құрамы:
-қою шоколад тілімі;
-1 ас қасық тұз;
-2 ас қасық қоспасыз йогурт.

дайындау әдісі: қою шоколад тілімін су буына ерітіп, үстіне тұз бен қоспасыз йогурт қосыңыз. Жылы температурадағы масканы бетіңізге жұқа қылып жағыңыз. Маска 20 минут тұру қажет. Кейін бетіңізді мұз түйіршіктерімен абайлап сүртуіңіз қажет. Маска құрамындағы тұз беттегі ісіктерді кетіреді, ал шоколад теріңізді жарқыратады.

Бет күтімі – қыз-келіншектер үшін маңызды тақырып. Енді сіз де үй жағдайындағы бет күтімі туралы біраз ақпарат білесіз. Кәдеңізге жарады деген сенімдеміз.

Дайындаған: Айдана Алмаханова

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!