Табыс

«Іскерлік этикет»: Бизнес-серіктестермен қарым-қатынас орнату жолдары

"Іскерлік этикет" кітабынан келтірілген үзінділер

«Іскерлік этикет» бойынша кездесу кезінде өзіңізді қалай ұстағаныңыз өте маңызды. Серіктесіңізге өзіңізді сенімді екеніңізді көрсетіп, әрі кездесудің жоғарғы деңгейде өткенін қаласаңыз, қарым-қатынас ережелерін түсіндіретін имиджмейкер және психолог Елена Бердің кітабынан берілген үзінділерді оқып шығыңыз.

Сәлемдесу

Егер сіз мекеменің ішіне кірсеңіз, міндетті түрде бірінші амандасыңыз. Сіздің жынысыңыз да, қызметіңіз де бұл жерде маңызды емес. Бизнес-серіктесіңіздің бөлмесінде бөгде адамдар жүрсе, барлығына бірдей басыңызды изеп амандасаңыз. Сосын сізді кездесуге шақырған адамның қолын алып, сәлемдесіп қана қоймай қал-жағдайын сұраңыз. Бизнес-серіктесіңізді аты-жөнімен атағаныңыз жөн.

Танысу кезінде, сізге өзін таныстырып жатқанда немесе сіз өзіңізді таныстырған жағдайда қолыңызды беруге асықпаңыз. Сізді таныстырып тұрған жан бірінші қолын беру керек. Есіңізде сақтаңыз: іскерлік этикетте, ресми кездесу кезінде әйел адамның қолынан сүюге болмайды. Зайырлы этикеттің ережесі бойынша, тұрмыс құрған әйелдің ғана қолын сүйген екен. Және тек мекеме ішінде.

Егер сіз үстел үстінде отырсаңыз, амандасу кезінде орныңыздан тұрып сәлемдескеніңіз жөн. Алайда, орныңыздан  тұра алмайтындай жағдай болса (мысалы, орынның таршылығы немесе ыңғайсыздығы), орныңызда отырып кешірім сұрап, амандаса беріңіз.

Қол алысып амандасу

Сіз бір ортаға келіп, тек бір адамға қолыңызды созып амандассаңыз, ол ерсі көрінген болар еді. Сол себепті келген жеріңізде қанша адам тұр, соның барлығымен амандасқаныңыз жөн. Бір қолыңызды беріп амандасқанда, екінші қолыңызды қалтаңызға салып тұру өрескел көрінеді. Сол себепті екі қолыңызды бірдей созып амандасыңыз.

Бизнес-этикетте көп қойылатын сауалдардың бірі: әйел адамға қол беру керек пе? Жауабы: иә. Зайырлы этикетте әйел адамның ер адамға бірінші қол беруін құп көреді. Іскерлік этикетте бірінші қолын басшы береді, кездесуге келген әйел болса да.

Алақанды жоғары қаратып қол алысу, адамның қасындағы әңгімелесушісіне  бақылауды бергісі келетінін көрсетеді. Егер адам өзінің серіктесінің қолын алған кезде, оның алақанын өзінікімен жапса, ол өзінің күші мен үстемділігін көрсетеді. Егер сізге бұл позиция ұнамаса, оның оң қолын, сол қолыңызбен жабыңыз.

Бизнес-этикетте екі қолмен қол алысуды құптамайды, өйткені ол адамдардың бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауға арналған. Сонымен қатар, бұндай қарым-қатынасты қамқорлық пен әдептілік деп санайды. Алайда, кросс-мәдениет туралы да ұмытпау керек. Мысалы, американдықтар бұл әрекетті жақсы көреді. Оны іскерлік коммуникацияда орынды деп санайды.

Танысу

Егер сіздің айналаңызда таныс емес жандар болса, ол жерде ұялып отырудың қажеті жоқ. Өзіңізді сенімді таныстырыңыз. Іскерлік кездесу кезінде бірінші өзіңіздің жеткен жетістіктеріңіз бен дініңізді айтпаңыз. Тек өзіңізді жалпылама таныстырып, мына кездесуге не үшін келгеніңізді түсіндірсеңіз жетеді.

Тек өзіңізді  танысытырып қана қоймай, адамдарды бір-бірімен таныстырыңыз. Танысқан адамыңыздың есімін міндетті түрде есіңізде сақтаңыз. Әңгімелесу кезінде ол кісінің атын айту маңызды. Егер есімін ұмытып қалсаңыз, шынайы түрде: «кешіріңіз, мен соңғы кезде ұмытшақ болып барамын, сіздің есіміңізді қайта білуге бола ма?» деп сұраңыз.

 Сіздің визиткаңыз

Сіздің визиткаңыз өзіңіздің дәрежеңізге сай болуы тиіс. Бизнесмендер көбіне шетелдік компаниялармен көп жұмыс істейді. Сол үшін де визиткаңыз да оларға түсінікті тілде жазылу керек. Егер сіз туралы бір дерек өзгеретін болса, бірден визиткаңызды жаңартыңыз. Іскер адамның визиткасында ағылшын тілінде ақпараттың болғаны дұрыс.

 Кездесуді аяқтау

Бейтаныс адамдармен қоштасқан кезде, әрқайсысымен жеке қоштасудың керегі жоқ. Егер сіз көп адамдардың ішінен бірінші кетсеңіз, сізді шақырған  адамдармен қоштассаңыз жетеді. Сіз кетер алдында барлығымен бірдей қоштассаңыз, басқа қонақтарға кездесу аяқталды деген белгі жібересіз.

Қоштасу – өте қысқа болу керек. Мысалы кездесуде қол беріп амандассаңыз, кетер кезде де қол беріп қоштасуға болады. Әңгіменің соңын сыпайы түрде: «сізбен жолыққаныма қуаныштымын!» деген сияқты жылы сөзбен аяқтаңыз.

Бизнес-серіктестерді қарсы алу 

Әуежайдан  қонақтарды, делегация басшысын күтіп алу міндетті. Олар бір-екі адамның сүйемелдеуімен келеді. Мекеме басшысы қонақтардың қасында үнемі жүруге тиісті емес.  Кездесу мінсіз өтуі үшін қонақты қандай көлікке, қандай қонақ үйге, қандай мейрамханаға алып баратыныңызды алдын-ала ойлап, реттеп қоюыңыз керек. Көліктегі құрметті орынға делегация басшысын отырғызғаныңыз дұрыс. Делегация басшысы көлікке бірінші отырып, бірінші шығады. Ол кісіге есік ашып беру де сыпайылыққа жатады.

Қонақтарды қонақ үйге шығарып салу кезінде, далада емес, қонақ үй ішінде қоштасыңыз. Ол жерде барлық мәселелерді талқылауға болады.

Дайындаған: Орынғали Дидар 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close