Біліп жүр

Франчайзиге кеңес немесе ең қауіпті франшизалар

Франшиза сатып алғанда ескеретін жайттар

Франчайзиге ескеретін нәрсе — дайын бизнес моделін тексеру. Тәжірибесі аз немесе мүлдем жоқ франчайзи жұмыс барысында көп мәселелерге тап  болуы әбден мүмкін. Balbal.kz мотивациялық сайты ең қауіпті франшизаның түрлері туралы ақпарат береді.

Франчайзер деген кім?

Негізі ең қиыны — қолайлы бизнес саласын табу. Қалтаңыздағы қаржыны есептеп, ойыңыздағы бизнес нұсқалардың тізімін қысқартыңыз. Сізге түсінікті әрі жақын бизнес түрін табуға тырысыңыз. Осы әрекеттерден кейін ғана франчайзерлермен кездесіп, бизнес жүргізудің қиын тұстарын, оны ашу әрі қарай жетілдіруге қанша уақыт қажет екенін талдаңыз. Франчайзер — дайын бизнес түрін және оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін ұсынатын жеке және заңды тұлға.

Алаяқтықпен ақша табатын компаниялардан аулақ болыңыз

Қауіпті франшизаның үш түрі бар:

Бос франшизалар. Алаяқтар басқа марканың ерекшелегін көшіру арқылы жалған бренд қалыптастыруы әбден мүмкін. Мәселен, сол компания өнімінің түсін, қызметін, құрамын және т.б. Әдетте бұл жағдайда бренд еш жерде тіркелмейді.Тәжірибесі жоқ франчайзи осындай франшизаны иеленіп, нәтижесінде алданып, дымсыз қалады. Франшизаны сатушылар көшірмені сізге табыстағаннан кейін ақшаны алып, жоғалып кетеді. Брендті ойлап табушы нағыз компания сізді сотқа беріп, қаншама ақшаны өндіріп алады. Тіпті сіз айтқан шындыққа да сенбеуі мүмкін.

Біркүндік франшизалар. Егер сіз сатып алатын бизнес жақын арада жасалып, компанияның құрылғанына көп уақыт болмаса, франшизадан алыс болыңыз. Себебі қулыққа салынып, сізден бастапқы жарнаны сұрайды. Кейін ақшаңызды алып, өзі де, франшиза да жоқ болады. Бұл — қылмыс.

Аяқталмаған франшизалар. Жұмысты енді ғана бастаған жас әрі шағын компаниялар өз франшизасын сізге ұсынады. Оларда жеткілікті тәжірибе, дайын схемалар, франчайзиге көмектесетіндей мүмкіндік болмауы мүмкін. Бүгінгі күні бизнесте осындай фирмалар көбейіп кетті. Олардың сізге пайдасы болмайды.

Сізде бұл жағдайда екі нұсқа бар: бизнесіңіз көп ұзамай жабылады немесе сіз оны жетілдіру үшін көп жұмыс істейсіз. Бірақ нөлден басталатын кәсіп үшін неге шығынға ұшырауыңыз керек? Оны ешкімге ақша төлемей-ақ өзіңіз де бастай аласыз.

Барлығын талдап, шешімін табуға тырысыңыз

Көп франчайзилердің мәселесі — соқыр үмітпен болжам жасау.

Өз франшизаларын ұсынатын көп компанияларда франшайзинг бөлімі бар.Оның басты мақсаты — франшизалардың сатылымын көбейту. Алдымен сіз қандай тәуекелге бара жатқаныңызды біліңіз. Компанияның үйіп-төгіп берген уәдесі орындалмауы болмауы мүмкін. Негізі өзіңіз жеке отырып нарық жағдайына байланысты сараптама жұмысын жүргізгеніңіз дұрыс болады. Егер шағын қалаларға арналған франшиза сатып алсаңыз, онда сұраныстың деңгейіне мән беріңіз. Ал мегополисте бизнес бастау сәл қиын болады.

Бюджетті үнемі қадағалап отырыңыз

Франчайзи үнемі өзінің кіріс-шығысын есептеп, дағдарыс жағдайына байланысты басқа да қаржы көздерін де қарастырып отыру керек. Жаңадан кәсіп ашқандада бірнеше қосымша шығындар болуы мүмкін. Оны да есепке алыңыз. Франшизалардың иесі презентацияларында сізге бұл жайлы да ақпарат береді.

Сізге қаржы қызметкерлерге еңбекақы беру үшін,  кеңсені жалдағаныңыз үшін де қажет. Алғашқы 3-6 айда франчайзилерде минусқа түседі. Оны  сәтсіздік деп қабылдамаңыз. Себебі бизнесті дөңгелетуге ақша саласыз, сосын бірте-бірте сұраныс артқан соң кіріс пен шығысты теңеседі.

Айтылғанның барлығы тәжірибесі аз франчайзилерге арналған кеңес. «Күріштің арқасында күрмек су» ішуді мақсат етпеңіз. Ақылмен, байыппен, асығыстыққа салынбай өз кәсібіңізді бастаңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!