Біліп жүр

Жолдас Өрісбаев: АҚШ-та білім алып, тәжірибе жинақтау — негізгі мақсатым

Шетелдегі қазақ журналисі

Жолдас Өрісбаев — ҚАЗҰУ-дың түлегі, MSU-дың магистранты. АҚШ-та журналистика мамандығында оқып, тәжірибе жинап жүрген қазақ азаматының бірі. Balbal.kz мотивациялық сайтына берген сұхбатында Жолдас Өрісбаев шетелде оқудың артықшылықтарымен бөлісті.

 Америка университеттеріне қалай түсуге болады?

Мен қазір Michigan State University-де білім аламын. Американың білім беру жүйесі оқуға түсуді жоғары деңгейде ұйымдастырған. Құжаттарды ретімен тапсырғаннан кейін сізден сұхбат алады.  Бәрінен сәтті өтсеңіз, оқуға қабылданасыз. Магистратурада білім алу үшін IELTS-тан минимум 7 балл,  TOEFL-ден 100-ден жоғары балл жинау керек. Содан соң ұсыныс хатын жібересіз. Университеттерге 2 немесе 3 эссе жазасыз:

  1. автобиографиялық эссе ;

2. кәсіби эссе;

3. мамандықты неліктен таңдағаныңыз  туралы эссе.

 

 

Америкадағы  ЖОО-ның білім беру жүйесімен танысқаннан кейін бакалаврды АҚШ-қа тапсырмағаныма өкіндім. Бірақ менде ондай мүмкіндік болған жоқ.

Егер 100% қолыңыздан келсе, шетелге бакалаврға тапсырған дұрыс деп ойлаймын.

Америкада филологияны бітіргендер журналист бола ала ма?

Қазақстанда да, АҚШ-та да нақты мамандықты сұрамайды. Журналистика – әмбебап мамандық. Оған кез келген саладан келуге болады. Мысалы, менімен  бірге оқитын студенттердің арасында инженер, заңгер, экономист мамандықтарын оқығандар бар. Олар бакалаврды басқа салада оқыса, қазір магистратураны журналистикада оқып жүр. Мамандықта шектеу жоқ. Бастысы журналистің стратегиялық ойлау қабілеті дамыған, Storytelling-ті (мақаланы белгілі бір оқиғаға  негіздеу) жақсы меңгерген болса жетіп жатыр.

Тәжірибе жинақтау – негізгі мақсатым

Нью-Йорктегі Бруклинде шағын ғана аймақтық басылымға бардым.

АҚШ-та білім алып, тәжірибе жинақтау — негізгі мақсатым.

Шетелде оқуды ҚАЗҰУ-да 3-курс оқып жүргенде ойладым. Еуропаға тапсырып көріп, одан өте алмай, АҚШ-қа тапсырдым. Соның арасында Лос-Анджелестегі бір бағдарламаға  тәжірибеден өтуге күніне 10-15 орын тауып, өтініш жіберіп отырдым. Өтінішіме сирек жауап қайтаратын. Сөйтіп Лос-Анджелестегі агенттік арқылы «Reed Hook» басылымына тәжірибеден өтуге мүмкіндік алдым. Ол жерде өзіңізді қалай көрсететініңізге, журналистикаға құлшынысыңызға, қай салада тәжірибеден өткіңіз келетініне көңіл бөледі. Соның бәрін ескере отырып, сізбен сұхбаттасады.

Қазір Michigan State University-дің медиа жобасында тілшімін. Арасында саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты мақала шығарып тұрамын. Биыл АҚШ-та сайлау болады. Сайлауға байланысты көп мақалалар дайындап жатырмын.  Колумбия университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Eurasianet.org» деген жоба бар. Ол ТМД елдері туралы мақалаларды жариялайды. Жаздан бастап сол жерде тәжірибеден өтпекшімін.

 

Дайындаған: Мөлдір Баймұқан

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!