Кітап

Қаржы жайлы 35 жасқа дейінгі оқырманға арналған 9 кітап

Қаржы сауаттылығын арттыратын кітаптар

Қаржы жайлы кітаптардағы кеңестер сізге ұнамауы мүмкін. Себебі мұндай кітаптар көбіне егде жастағы оқырмандарға бағытталып жазылады. Жастар өздеріне түсінікті тілде жазылған қаржы жайлы кітап оқуды қалайды. Пайдалы әдебиеттерді іздеуді жеңілдету үшін назарыңызға 35 жасқа толмаған оқырманға арналған кітаптар тізімін ұсынамыз.

Көрші-миллионер, Томас Стенли, Уильям Данко (The Millionaire Next Door)

1996 жылы басылып шыққан бұл кітап бай болуға көмектесетін адами қасиеттерді сипаттайды. Кітапта оқырманға түрлі кеңестер беріледі. Солардың бірі: «Инвестициялық портфеліңізді диверсификация жасау». Бұл портфельді кеңейту дегенді білдіреді. Тек бір бағытта қалып қалудың қажеті жоқ. Пайданың көзін әр уақытта іздеңіз.

Мен сізге бай болуды үйретемін, Рамат Сеси (I Will Teach You To Be Rich)

Кітапта 35 жасқа толмағандарға арналған алты апталық жоба бар. Бұл жоба оқырманды жеке қаржыны басқаруға үйретеді. Автор ақша тауып, өмірден рахат алуды үйретемін деп уәде береді.

Тез және баяу ойлау, Даниэль Канеман (Thinking, Fast and Slow)

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты ойлаудың екі түрін ұсынады. Біріншісі – жылдам және эмоционалды, екіншісі – баяу және рационалды. Автор бұл кітабында жеке өмірде және бизнесте дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін кеңестер береді.

Автоматты миллионер: Байлыққа жетудің тиімді жоспары, Дэвид Бах (The Automatic Millionaire: A Powerful One-Step Plan To Live And Finish Rich)

Кітапта қаржылық тәуелсіздікке жетуге арналған практикалық кеңестер беріледі. «Бірінші кезекте өзіңізді ойлаңыз» деп кеңес береді автор. «Әрбір жалақыңыз түскен сайын оның бір бөлігі жинақ есепшотына автоматты түрде аударылатындай етіп жасаңыз».

Сіз – ақшасыз: Бай болмасаңыз да бай секілді өмір сүріңіз, Фарнуш Тораби (You’re So Money: Live Rich, Even When You’re Not)

Кітап еңбек жолын енді бастағандарға арналады. Аз жалақы алса да, жақсы демалып, достарымен қыдыруды ұнататын оқырманға автор бюджетті үнемдеп, баланста ұстауды үйретеді.

30 жасқа дейін қалай қарыз алмауға болады: Ақшасы жоқ жастарға арналған практикалық кеңестер, Джейсон Антони және Карл Клак (Debt-Free By 30: Practical Advice For the Young, Broke and Upwardly Mobile)

Кітапты жас авторлар жазып шыққан. Олар 30 жастарына дейін барлық қарыздарын жауып, несие берушілермен есеп айрысып үлгерген.

Тәртіптегі сәтсіздіктер: Ақшамен ақымақтық жасамаудың қарапайым әдістері, Карл Ричардс (The Behavior Gap: Simple Ways To Stop Doing Dumb Things With Money)

Қаржылық кеңесші Карл Ричард қаржыдағы қарапайым қателіктерді айтып, оларды болдырмаудың жолын ұсынады.

Ивестициядағы психология, Джон Нофсингер (The Psychology Of Investing)

Вашингтон штаты Қаржы университетінің профессоры Джон Нофсингер инвесторлардың әрекетіндегі психологияны қарастырады. Сонымен қатар дұрыс инвестициялауға көмектесетін кеңестер береді.

Жас, керемет, ақшасыздарға арналған қаржы кітабы, Сюзи Орман (The Money Book For The Young, Fabulous & Broke)

Кітап арқылы автор студенттік қарызды өтеуді, кредиттік картадағы несиені жабуды үйретеді. Оқырманға өзге де сұрақтардың жауабын береді.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!