Миллионер

Уилл Смит өмірде ұстанатын 5 қағида

Уилл Смит қандай мотивация береді?

Уилл Смит – америкалық актер, хип-хоп орындаушы. Екі «Оскар», төрт «Алтын  глобус» және бірнеше Гремми сыйлықтарының иегері.

Уилл Смит АҚШ-тағы Филодельфияда 1968 жылдың  25 қыркүйегінде дүниеге келді. Уилл жастайынан кез келген мәселелерді бір-екі ауыз сөзбен шешіп, өз ортасында «ханзада» деген атқа ие болды. Жастайынан музыкаға қызығып, досы Джэффпен бірнеше альбом шығарады. Біраз марапаттау мен сыйлықтарға ие болады. Бірақ Уилл бұл сыйлықтардан түскен пайданы 18 жасқа толмай жатып жоқ қылады. Қарызға белшесінен батып жүргенде оған «Fresh Prince of  Air» атты сериалда өз-өзін сомдауға  ұсыныс түседі. Осылайша ол кино әлеміндегі алғашқы баспалдаққа көтеріледі.

Назарыңызға Голливуд жұлдызының кеңестері мен өмірлік ұстанымдарын ұсынамыз.

Қателесуге тырыс

Мүмкіндігінше ертерек, көбірек қателесуге тырыс. Көпшілік адамдар сәтсіздікті үнемі негативті тұрғыда қабылдайды. Дәл осы факт мені ызаландырады.

Себебі сәтсіздік – табысқа жетудің ажырамас бөлшегі. Сен сәтсіздікке бой үйретіп, тіпті соны жасауға талпынуың керек.

Сәтсіздікке ұшыра

Сәтсіздіктер сен үйренуің керек барлық сабақты бойына сақтайды. Білесің бе, сен жаттығу залында жаттыққанда шынымен де сәтсіздікті іздейсің. Себебі сен бұлшық еттеріңді бұрын-соңды көрмеген жаттығулармен шынықтырасың. Бұлшықеттерің қозғала алмайтын сәт келгенде, міне, дәл осы сәттен бастап адаптация мен прогресс басталады. Табысты адамдар әрдайым сәтсіздікке ұшырайды. Олар ұтқаннан көрі, жиі ұтылады. Бірақ әрбір сәтсіздіктен аса зор көлемде сабақ алып, болашақта табысқа жетуге қолданады.

Мүмкіндікті жіберме

Әрқашан өзіңді сынап көр, тырмысып бақ. Уақыт барда өз мүмкіндіктеріңді далаға ұшырмауға тырыс. Өзің әрдайым сәтсіздікке ұшырайтын, ұтылатын жерлерде бол. Мұнің себебі практикада жатыр.

Практика – бұл сен басқаратын сәтсіздік.

Мүмкіндігінше жасайсың, жасайсың, жасайсың! Қолыңнан келмейтін секілді көрінетін болады. Бір сәтте, өзіңнің қалай бой үйреніп кеткеніңді білмей қаласың. «Менің қолымнан келмеуші еді ғой, мынаны қалай жасап жатырмын?!» деп өз-өзіңе таңғалатын боласың. Жеңіліс сен даму керек тұстарды анықтайды, нақтылайды.

5 өмірлік ұстанымы

Тым реалист болма

Реализм – орта деңгейлікке апаратын жол. Егер сізде амбициялар болмаса, өзіңіз армандап, өзіңізді бағаламасаңыз, өмірде ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Реализм бір сәтке дейін жақсы. Иә, әлемде шынайы көзқараспен қарау керек нәрселер бар. Бірақ бұл сіздің мақсатқа жету жоспарыңызға қатысты емес. Есіңізде болсын, жоғары өршілдік сізді көп нәрсеге жетелейді.

Өз-өзіңе сен

Өз күшіне сену – мақсатқа жетудің негізгі қозғаушысы. Егер сіз өзіңізге сенбесеңіз, сіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз.

Сондықтан өзіңіздің қабілеттеріңізге күмән келтіретіндерден аулақ болыңыз.

Махаббатқа адал бол

Сүйіспеншілік – бұл ең бастысы. Бұл әлемдегі жетістіктер махаббаттың арқасында пайда болды. Егер Да Винчи өз ісін жақсы көрмесе, ол ешқашан «Мона Лизаны» суреттемес еді. Вивальди ешқашан фантастикалық музыка жаза алмас еді. Спилберг ешқашан керемет суреттер салмас еді. Ғылымдағы, өнердегі, өмірдегі барлық жаңалықтардың жаршысы махаббаттың арқасында пайда болды.

Энергияны пайдалы нәрсеге жұмса

Өз ойларыңызды, эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізді лайықсыз адамдарға ысырап етпеңіз. Неліктен сіз үнемі өз ойларыңызда жағымсыз адамдармен арпалысып жүресіз? Неліктен сіз өз өміріңізді құртып жіберетін негатив нәрселер ойлайсыз? Одан да өз энергияңызды пайдалы нәрсеге жұмсаған жөн.

Мейірімді бол

Біздің өміріміз түрлі қызық пен қиындықтарға толы. Сізге күтпеген сәтте кім көмек бере алатынын ешқашан біле алмайсыз. Көбіне сіз көмектескен адам сізге қолдау білдіреді. Сондықтан мейірімді сөзге, қолдауға, кейде ақшаға ашкөз болмаңыз. Басқаларға көмектесіңіз. Жақсылық сізге жүз есе болып оралады. Басқаларға көмектесу – бұл сіздің жеке өміріңізді жақсарту.

Дайындаған: Аружан Айдарқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!