Миллионер

Инвестициялау тәсілдері мен жолдары

Инвестициялау – артық ақшаны бірнеше есеге көбейту жолы

Инвестициялау арқылы өзіңіздегі артық ақшаны бірнеше есеге көбейтуге болады. Бірақ барлығы табыстың бұл көзін қолданудан бас тартады. Өйткені оған бірнеше мыңдаған доллар қажет деп есептейді. Бірақ бүгінгі таңда инвестициялауды бар болғаны 50 доллармен де бастауға болады. Инвестицияға келген кезде бәрімізде бірнеше сұрақтардың пайда болатыны белгілі. Сол сұрақтарға бірге жауап іздеп көрейік.

Инвестицияны неге бүгіннен бастауымыз керек?

Бір күні сіздің жұмысқа барғыңыз келмеуі мүмкін. Бәлкім, бірнеше айлық демалысқа шығып, әлемді аралағыңыз келетін шығар. Сол себепті бүгіннен бастап инвестициялауды бастаңыз. Мына алтын қағиданы ұмытпаңыз: «Адам ақша табу үшін 2 сағат жұмыс істеуі мүмкін, бірақ ақша адам үшін 24 сағат жұмыс істей алады».

Сарапшылар банктен депозиттік есепшот ашу инвестициялауға жатпайды дейді. Иә, расымен, егер сіз 12 пайыздық (максимум алғанда) жылдық үстемемен 5000 теңге салып тұрсаңыз, сіздің табысыңыз 50 жылда 1 млн 885 мың теңгені құрайды. Айтарлықтай көп табыс емес. Егер бағалы қағаздар нарығына 20 пайыздық үстемемен 1000 долларыңызды инвестицияласаңыз, 50 жылда сіздің табысыңыз 9 100 440 долларды құрайды. Ай сайын 1000 доллар салсаңыз, 40 000 000 доллар пайда көре аласыз.

Инвестициялауды қалай дұрыс бастауға болады?

Инвестицияны бастамай тұрып, мерзімін және қанша қаражатпен бастайтыныңызды белгілеп алыңыз. Қаражаттың қай бөлігін өзіңізге қалдырып, қаншасын реинвестицияға жіберетініңізді шешіп алуыңыз керек. Алдымен инвестициялауға болатын бірнеше нарықты белгілеп алыңыз. Олардың пайдасы мен минималды инвестиция сомасын анықтаңыз. Бұл көрсеткіш әр уақытта өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүлікке инвестиция құю көптеген қаржы пен ұзақ уақытты қажет етеді. Ал Coca-Cola компаниясының акциясын сатып алу өз сомасын тез арада ақтайды және соншалықты көп ақша мен уақытты қажет етпейді. Бар болғаны 45 доллармен инвестициялауды бастай аласыз.

Есіңізде болсын, инвестицияны бос тұрған қаржымен бастаңыз, ешқандай қарыз немесе тұрмысқа қажетті ақшаның бөлігін құймаңыз.

Инвестиция сіздің күнделіктік тіршілігіңізге кері әсерін тигізбеуі тиіс.

Инвестицияның тағы бір қағидасы – еш уақытта барлық қаржыны бір ғана нарық немесе бір инвестиция түріне салмау.

Қанша қаражатпен инвестициялауды бастау керек?

Инвестиция сомасы 10 доллардан бастап көтеріле береді. Бірақ қаражат қаншалықты аз болса, түсер пайда да соншалықты кемитінін есіңізде сақтаңыз.

Көптеген қаржыгерлердің және инвесторлардың ойынша, бастама сомасы әдетте 500 долларды құрауы керек.

Инвестиция алыбы Ивет Батлердің ойынша, бұл ең тиімді цифр болып табылады. «Бұл қаржыны жинау аса көп қиындықты тудырмайды. Аптасына 5-10 доллардан жинап отырсаңыз да жеткілікті. Бұны тіпті мектеп оқушысы да жасай алады», дейді ол. Бұл қаражатқа сіз кішігірім кәсіптердің немесе танымал брендтердің акциясын сатып ала аласыз. Тек уақытты және мүмкіндікті пайдалынып қалуыңыз керек.

Инвестицияны неден бастау керек?

Ең бірінші, инвестияңыздың мақсатын анықтаңыз. Сіз, жоғарыда айтқандай, кішігірім кәсіптердің акциясын сатып алуыңызға да болады. Қатер де төмен, бірақ сізге түсетін пайда да сәйкесінше төмен болады. Инвестицияда тез әлі жылдам әрекет ету керек.  Қатер қаншалықты көп болса, пайда да соншалықты көбейеді.

Екіншіден, активтеріңізді дұрыс бөліңіз. Барлығын бір салаға салмаңыз. Сақтаныңыз.

Үшіншіден, қарапайым инвестициялаудан бастаңыз. Мысалы, ЕТҒ қорларға инвестициялау ең қарапайым және сенімді жол болып табылады. Егер жолыңыз болмай қалса, ол сіздің күнделікті өміріңізге әсерін тигізбеуі қажет. Сіз бұл алаңдағы жаңа ойыншы болғандықтан нарықты зерттеп алуыңыз керек.

Ешқашан теледидардағы және БАҚ тарататын статистикалық мәліметтерге сенім артпаңыз.

Өйткені компаниялар тұтынушыларды тарту үшін жалған ақпарат таратуы мүмкін. Барлығын өзіңіз зерттеңіз.

Ең соңғысы және ең бастысы – инвестициялау туралы кітап оқыңыз. Бұл сізге білім мен өзге де ірі инвесторлардың тәжірибесін алдыңызға ұсынатын бірден бір құрал.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!