Табыс

Күн сайын ақылды бола түсудің 11 тәсілі

Біз миымызды шет тілдерін үйрену немесе өлең жаттау, ал денемізді йога мен физикалық жаттығулар арқылы дамытуға болатынын білеміз. Бірақ мұның бәрі ерік-жігерді, еңбекқорлықты қажет етеді. Көп күш жұмсамай ақылды болудың жолы бар ма? Әрине, бар! Қарапайым қант, су және компьютерлік ойындар біздің ойлау қабілетімізге қалай әсер ететінін Balbal порталы дайындаған мақаладан біле аласыздар.

Оқи отырыңыз: Есте сақтау қабілетін жақсарту

  1. Таңертең оянғаннан кейін 30 минут ішінде 2 стақан су ішіңіз. Су ағзадағы токсиндерді сүзгілеп, денедегі сұйықтық балансын сақтау үшін қажет. Біз ұйықтап жатқанда 6-9 сағат бойы су ішпейміз. 2 үлкен стақан су осы жетіспеушіліктің орнын толтырады. Психологтардың зерттеулеріне сенсек, көп су ішкен оқушылар зияткерлік тапсырмаларды басқа балаларға қарағанда жақсы орындайды.
  2. Таңертең газет пен жаңалықтарды оқу жақсы таңдау емес. Оның орнына өзіңізді қызықтыратын саладағы жаңа кітаптардың қысқаша мазмұнын оқыңыз. Осылай өзіңізге пайдалы жаңа ақпарат аласыз. Кітаптардың мазмұнын smartreading немесе knigikratko (орыс тіліндегі кітаптар), Blinkist және getAbstract сияқты қосымшалар арқылы оқи аласыз.
  3. Жұмысқа барар жолда подкастар немесе аудиокітаптар тыңдаңыз. Бұл оқуды жалғастырудың жеңіл және жағымды тәсілі. TED порталының лекциялары бағалы ақпараттың тамаша көзі. Олардың қосымшасы арқылы мобильді интернетке ақша жұмсамай-ақ аудио файлдарды алдын ала жүктеп алуға болады.
  4. Жұмыс уақытында көк шай ішіңіз. Көк шайда (әсіресе жапондық матча ұнтағында) L-теанин бар. Бұл аминқышқыл зейін қоюды жақсартады, күйзелісті жояды және ұйқыңызды ашады.
  5. Өзіңізге сиеста (түскі ұйқы) ұйымдастырыңыз. Күндізгі қысқа ұйқы ойлау жүйесін жаңартады және оқудың тиімділігін арттырады. Орташа алғанда, адамдардың көпшілігі түс кезінде және сағат 16:00-де, сондай-ақ кешкі сағат алтыларда ұйқысы келеді. Осы уақыттарды демалуға пайдаланыңыз.
  6. Қант жеуді шектеңіз. Оны толығымен қойғаныңыз дұрыс. Егер мұндай қатал шараларға дайын болмасаңыз, қарқынды жұмыс кезінде тәттілерді жемеуге тырысыңыз. Қандағы қант деңгейінің ұлғаюы және одан кейін күрт төмендеуі ақыл-ой қабілетіне нашар әсер етеді. Жұмыртқа мен балықта бар майлы қышқылдар мидың жұмысын күшейтеді.
  7. Әлеуметтік желілерге және ойын-сауықтық сайдтарға күніне бір-екі рет қана кіріңіз. Ми сіз көрген ақпарат түріне бейімделеді. Егер сіз тез өзгеретін, мән-мағынасыз, көңіл көтеретін контентті бақыласаңыз, ойыңыз, назарыңыз шашыраңқы болады. Әлеуметтік желілерге «байланған» болсаңыз, таймер қосыңыз: осылай қажетсіз нәрселерге уақыт құртпайсыз.
  8. ТV шоуларды және телесериалдарды көрудің орнына ойын ойнаңыз. ТV қарау — бұл пассивті және пайдасыз іс. Неміс зерттеушілері «Super Mario» сияқты қарапайым ойынның ми жұмысына айтарлықтай әсері бар екенін анықтады.
  9. Бағдарламалауды меңгеріңіз. Бағдарламалау — басқатырғыштарды шешу сияқты. Бұл логикалық қабілеттердің күшті стимуляторы. Бағдарламалауды жаңа онлайн ресурстар арқылы оқушы да меңгере алады. Сіздің де қолыңыздан келетіні сөзсіз.
  10. Эрудиттармен (ғалымдармен) араласыңыз. Айналаңызға сіз үлгі тұтатын адамдарды жинаңыз. Олардың өмірі мен ойлауы сізге өз әсерін тигізеді.
  11. Жаяу серуендеңіз. Жаяу жүру кезінде миға қан айналымы және оттегінің берілуі жақсарады және стресс гормондарының деңгейі айтарлықтай төмендейді. Түс уақытында серуендесеңіз күш-қуатыңыз түнге дейін бітпейді.

Дайындаған: Ақерке Дүйсенбай

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close