Шаш күтімі қыз-келіншектердің сұлулығына әсер етеді. Шашыңыз жұқарып, жиі түсетін болса, оның себебін анықтаған жөн. Назарларыңызға шаштың күтімі, шашты нығайту әдістері мен оның жұқару себептерін ұсынамыз.
Шаш неге түседі?
Шаш неге жиі түсетінін анықтау керек. Бірнеше себептері:
- Гормондық өзгерістер. Ол жүктілік, менопауза және бала емізу кезінде пайда болады. Мұндай кезде әйелге витаминдік кешендерді, сондай-ақ кальцийге бай тағамды қабылдау ұсынылады.
- Экология. Тұзды теңіз суы, хлорлы суда шомылу немесе күннің астында ұзақ уақыт бас киімсіз жүру шашқа зиян.
Сол үшін жүзуге арналған, күннен қорғайтын бас киімдер алған жөн.
- Химиялық өнімдер. Шашты жиі химиялық өнімдермен боясаңыз да, шаш әлсірейді. Шаш кептіргіш, үтік, бұйралағыш және лак қолдану да кері әсерін тигізеді. Сол үшін шашты қорғайтын спрей алуыңызға болады.
- Қатаң диета. Витаминдердің жеткіліксіз болса да шаш жұқарады.
Диета кезінде сіз қоректік және витаминге бай тағамдардан бас тартпауыңыз керек. Оның орнына физикалық белсенділікті арттырыңыз.
- Саңырауқұлақты аурулар. Себорея сияқты саңырауқұлақты аурулармен ауырған кезде шаш түсе бастайды.
- Қалқанша безі аурулары.
- Ұзақ уақытқа созылатын күйзеліс. Психикалық жағдай да шаштың бұлыңғыр және сынғыш болуына себепші.
Егер шаш шектен тыс көп түсетін болса, трихологпен кеңесу керек. Маман қандай анализ тапсыратыныңызды айтады. Талдау нәтижелері бойынша осы мәселені тудырған себептерді анықтайды.
Шаштың күйін қалай анықтаймыз?
Шаштың күтімі дұрыс емес екенін үшін үш күн шашыңызды жумаңыз. Содан кейін қолыңызбен шашты ұстап шығып, шаш талдарын жинаңыз. Егер олардың саны 15-тен көп болса, онда шаш әлсірегенін және емделуді қажет ететіндігін білдіреді.
Шашты нығайту жолдары
Табиғи майлар маскасы
Табиғи майлар негізінде дайындалған маскаларды пайдаланып шашты нығайтуға болады.
Ошаған майы өсуді тездетеді, шаш тамырларын қатайтады. Бас терісі мен талшықтарды қажетті қорекпен қамтамасыз етеді;
Зәйтүн майы шашты қатайту және құрғақтықты жою үшін қолданылады;
Бадам майы шашты нәрлендіреді. Оларға жылтырлық береді;
Кокос майы талшықтарды жылтыр етеді және олардың сынғыш болуына жол бермейді. Микробқа қарсы антиоксиданттық қасиетке ие;
Зығыр майы бас терісіне пайдалы, оны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Қайызғақты кетіреді.
Оларды жеке пайдалануға немесе бір-бірімен араластыруға болады. Емді бастамас бұрын, майды жылыту керек.
Қолдану кезінде масканы шаш тамырына жағыңыз, содан кейін бүкіл ұзындығына жайыңыз. Шашыңызды жинап, бірнәрсемен орап қойыңыз. Процедураны аптасына бір реттен көп қайталамаңыз.
Глина балшықтарының шашқа әсері
Бұл емдік өнім майлы бер терісі мен безеуден арылуға ғана емес, сонымен қатар шашты жақсартады. Глина маскалары май бездерін реттейді, шаштың ұштауына жол бермейді.
Әр балшықтың түсіне қарай өзіндік қасиеті бар:
Көк. Шаштың түсуіне жол бермейді және жаңа талшықтың өсуіне көмектеседі.
Ақ. Ұзын талшықтары құрғақ, ал тамырлары майлы шаш үшін қолайлы. Ол мырыш, кальций, азот және басқа пайдалы микроэлементтерге толы. Соның арқасында тазартады әрі қатайтады.
Қызыл. Темір мен мысқа бай. Өлі тері жасушаларын алып тастау арқылы теріні жаңартады. Қышу мен қайызғақты жоюға көмектеседі.
Қызғылт. Ол шаш фолликулаларын қалпына келтіру үшін қолданылады
Қолдан маска жасау әдістері
- Жұмыртқаның сарысынан дайындалған маска. Бұл талшықтарды нәрлейді және оларды күшті етеді. Ол үшін мыналар керек:
- Жұмыртқаның сарысы — 2 дана;
- Коньяк — 40 мл;
- Су — 40 мл.
Саусақтарыңызбен мұқият ысқылап, шаш тамырына жағыңыз. Шашты орап қойыңыз. 1 сағаттан артық ұстамаңыз. Сосын сусабынмен жуыңыз.
- Бұрыш қосылған арақ. Шашты өсіруге, әлсіз талшықтарды нығайтуға және майлылықты кетіруге арналған.
- 100 г ұсақталған алоэ жапырақтары;
- 1 дана орташа қызыл бұрыш;
- 200 мл арақ.
Барлық ингредиенттерді араластырып, салқын қараңғы жерде 21 күн (3 апта) қойыңыз. 2 ай бойы күнде бас терісіне жағу керек.
- Қышқыл сүт маскасы. Рецепт шашы шамадан тыс түсетін жандарға арналған.
- Қышқыл сүт 0,5 кесе;
- 20 г ашытқы;
- 1 ас қасық бал .
Ашытқыны жарты стақан сүтте ерітіп, көтерілуіне мүмкіндік беріңіз. Содан кейін бал қосып, араластырыңыз. Бас терісіне жағып, 40-50 минутқа қалдырыңыз.
- Пияз маскасы. Ең жиі кездесетін әдіс.
Блендерде немесе ет тартқышта бірнеше пиязды ұсақтаңыз. Ұсақталған пиязды мұқият сығып, алынған шырынды қолдану керек. 30-40 минуттан кейін жуып тастауға болады. Бұл шаш фолликулаларына оң әсер етеді, қан айналымын жақсартады.
Бас терісін уқалаудың пайдасы
Шаш фолликулалары қоректік заттар мен микроэлементтерді сіңіру үшін жиі басыңызға массаж жасаңыз. Саусақтарыңызға иланг-иланг, лимон бальзамы немесе шырша эфир майының бірнеше тамшысын жағыңыз және теріңізді жай ысқылаңыз.
Дұрыс тамақтану
Дұрыс тамақтану шашқа тікелей әсер етеді. Күнделікті рацион құрамында май қышқылдары — балық, зәйтүн, жарма және жаңғақтар болу керек. Көбірек су ішіңіз.
В дәруменіне бай тағамдар, яғни жұмыртқа, көк пияз шашты нығайтуға және май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Жылтырап тұру үшін теңіз өнімдерін, шпинат пен бауырды тұтыныңыз.
Шаш күтіміне байланысты кеңестер
Шашыңыз үйісіп қалмас үшін және қан айналымын жақсарту үшін жуар алдында шашты тараңыз.
SLS және парабендер жоқ табиғи сусабындарды қолданыңыз.
Судың температурасы 35-40 градустан аспау керек. Шашыңызды ыстықпен сабындап, салқын сумен шайған жөн.
Шашыңызды екі рет сабындаңыз. Бір реттен барлық майды кетіре алмайсыз.
Сусабынды шашқа емес, алақанға жағыңыз. Алақанмен ысқылап, содан кейін жағыңыз.
Бальзам қолдануды ұмытпаңыз. Оны тек шаш ұзындығына жағу керек.
Ылғал шашты тарауға болмайды. Кепкенін күтіңіз.