Біліп жүр

Өзгелер сізді тыңдасын десеңіз

Өзгелер сізді тыңдасын десеңіз ойыңызды анық жеткізіңіз!

Өзгелер сізді тыңдасын десеңіз қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз. Ең алдымен адамға сөйлеу қасиеті берілген. Дауысымызды, дыбысымызды кәдімгі музыкалық аспапқа теңеуімізге болады. Тіпті сіздің дауысыңыз музыка әуенінен де әуезді. Сіздің бір ауыз сөзіңізден дау да туындауы мүмкін, немесе бір адамды айықпас дертінен емдей аласыз. Сөз құдіреті – өз құдіретім деп әлемді басқаруға болады. Иә, болады. Бірақ жеткізе сөйлеу құдіреті барлығына бірдей дарымаған.  Неге кейбір адамдардың сөзі қажетті жеріне жетпей жатады? Неге олар өз ойын анық айтып, өзгелерді тыңдата алмайды? Әлемді мойындататын құдіретті күшті қалай дарытуға болады?

Ол үшін…

Бізде бойымыздан аулақ ұстайтын жаман әдеттер өте көп.  Ол әдеттерді 7 топқа бөлуге болады.

1. Өсек айту. Жаныңда жоқ адамды түгін қоймай жамандау біздің әдетімізге айналған. Сізге біреуді жамандап отырған адам, сізді де біреуге жамандауы мүмкін.

2. Жазғыру. Біз сөйлесу барысында үнемі біреуді жазғыруға құмармыз.

3. Жамандық ойлау. Иә, адамдар ең алдымен жамандықты бірінші кезекте ойлайды. Үнемі жамандық шақыратын адамның жанында жүру өте қиын, айтқанын тыңдау жағымсыз.

4. Жиі шағымдану. Жиі шағымданып, көңілі толмайтын адамды жақтыра қоятындар өте аз.

5. Ақталу. Кейбір адамдар кінәлі бола тұра, өзін ақтап алуға бейім. Өзі емес өзгені айыпты етіп көрсетуге барынша тырысады.

6. Әсірелеу. Кейде жағымпаздану үшін ұнамсыз қылықтарды да тым әсірелеп айтып жатамыз. Олай болмаса да әсірелеп айту өтірік болып саналады. Ал өтірікшінің сөзін ешкім тыңдағысы келмейді.

7. Өзіңнің ойыңды өзгелерге тану. Өзінің ойын барынша дәлелдеп, ол өзгелер үшін қызықты болмаса да айта беретін адамдардың сөзі ешкімге керек емес.

Өзгелер сізді тыңдасын десеңіз ең алдымен аталған 7 әдеттен арылыңыз. Ал тыңдата білу үшін қандай қасиеттер керек?

1. Шынайылық. Қандай жағдай болмасын турасын айтып, шынайылық таныту керек.

2. Түсінікті болу. Өзгелер үшін өзіңді күн сайын өзгертудің қажеті жоқ. Барынша бар болмысыңды таныт. Сіз өзіңізге қызық болсаңыз, өзгелерге де қызықсыз.

3. Айтқан уәдеңде тұру. Уәдесінде тұратын адамның бір ауыз сөзін өзгелер де жерге тастамайды. Өйткені сізге сенуге болады.

4. Махаббат. Мұның астарында тек қана ер мен әйелдің арасындағы ғана махаббат емес, айналаңдағы әрбір адамға барынша мейіріммен қарау жатыр.

Міне осы қасиеттер бойында бар адам өсек айтуға, жазғыруға, жамандық ойлауға, шағымдануға, ақталуға жол бермейді. Сол үшін де оны тыңдау, айтқанына құлақ асу өзгелер үшін түк емес.

Сенің не айтатының, қалай айтатының маңызды

Біз сөйлеу барысында бірнеше құралды және техникаларды пайдалана аламыз. Ол сіздің сөйлеу энергияңызды дамытады. Ол қандай құралдар?

1. Дауыс диапазоны. Кей адамдар жоғары дауыспен, кейбірі жіңішке дауыспен сөйлейді. Әр адамның өзіне тән табиғи дауыс бояуы бар. Сонымен қатар, оны бақылауда ұстауға да болады. Көбінесе сахнада сөйлейтін адамдар дауысын құбылта сөйлеуге дағдыланған.

2. Дауыс тембрі. Адамдардың көпшілігіне нәзік, жайлы, жағымды, қоңыр дауыстар ұнайды. Сол себепті дауыс қоятын мамандармен жұмыс істеген дұрыс. Өйткені адам өзінің дауысын мың құбылта алады. Тіпті өзіңіз таңдануыңыз мүмкін. Бойды тік ұстау, ішпен тыныстап сөйлеу – мұның барлығы сіздің дауысыңыздың жағымды етеді.

3. Дауыс интонациясы. Дауысын құбылтып, әр сөзіне екпінді дұрыс түсіре алатын адамды өзгелер ұйып тыңдайды.

4. Дауыс қарқыны. Кей адамдар табиғатынан тез сөйлегіш келеді. Тіпті секундына бірнеше сөз айтқандықтықтан, не деп жатқанын түсіне алмайсыз. Ал кейбірі мүлдеп асықпай сөйлегендіктен, жанындағы сөйлесіп отырған адамын жалықтырып жібереді. Сол үшін әрдайым дауыс қарқынын бір қалыпта ұстаған дұрыс.

5. Тыныштық. Сіз әңгіме арасында тоқтап, бірер секунд тыныштық сақтағаннан кейін ары қарай жалғастырыңыз. Үнсіздік кейде айқайлап айтқан сөзден де пайдалы болуы мүмкін. Осылай сөйлесеңіз, тыңдаушыларыңызды ұйыта аласыз.

Дауысты жақсартуға арналған жаттығулар

Әрдайым үлкен аудиторияның алдында сөйлейтін болсаңыз немесе маңызды кездесуіңіз болса, осы жаттығуларды жасаңыз.

Ең алдымен екі қолыңызды жоғары көтеріңіз. Содан кейін деміңізді ішке тартып, 1-2 секундтан кейін сыртқа шығарыңыз. Қолыңызды төмен түсіріңіз. Осылайша 4-5 рет қайталаңыз.

Ерніңізді дөңгелетіп, «БО» деген дыбысты айтып көріңіз. Сосын аузыңызды барынша ашып, ерніңіз ары-бері қозғалтыңыз. Сосын «-иии»,  «-ааа» деген дыбыстарды өңешпен емес, ішпен айтыңыз.

Осындай жаттығулар арқылы ұйықтап жатқан дауысыңызды оятыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!