Салауат
Бет терісінің күтімі: майлы, құрғақ, қалыпты, аралас
Бет терісінің күтімі қандай болуы керек?
Бет терісінің күтімі барлық адамның басты мәселесіне айналған. Оған экологиялық жағдайдың әсері, тамақтану және күтім құралдарын таңдау тікелей байланысты. Біз бүгін бет терісінің күтімі жайлы сөз қозғап, оның қандай ерекшеліктері барын айтатын боламыз.
Тері түрлерінің ерекшеліктері
Бет терісі ауруларының пайда болуы асқазан жұмысы, әсіресе, ішек жұмысы себеп болады. Барлығымыз бет күтімінің барынша жақсы нәтиже беруін қалаймыз. Бұл дегеніміз бет терісінің әр адамда әртүрлі болу қажеттігін тудырады. Косметологтар терінің төрт типін бөледі: қалыпты, майлы, құрғақ, аралас. Сіздің теріңіз қайсыған жататынын анықтау үшін әрқайсысының ерекшеліктерін айтып өтсек:
- Майлы. Басты белгілері – беттің жылтырлығы. Бет қабаты өте нашар көрінеді. Бетке безеулер мен қара дақтар көптеп шығады. Ал ұсақ әжімдер салыстырмалы түрде кешірек пайда болады.
- Құрғақ – майлы терінің қарама-қарсы түрі. Бет жылтырамайды және өте нәзік, жұқа болып келеді. Әрі әжімдер де жылдам пайда болады.
- Қалыпты тері – алтын орта болып табылады. Бет терісі тек Т-аймақтарында ғана жылтырап тұрады. Әдетте, мұндай терілер сыртқы факторлардың әсеріне төзімді болып келеді. Оның жағдайы жыл көлемінде өзгеріске түспейді.
- Аралас – жоғары аталған 3 типтің де белгілерін біріктіреді. Беттің кейбір бөліктері қатты майланады, ал кейбірі мүлде майсыз болып келеді. Безеулер мен қара дақтар периодты түрде пайда болып тұрады. Мұндай теріге әжім уақыт өте келе ғана түседі.
Үй жағдайындағы бет күтімі
Бұл ерекшеліктерді бет күтіміне арналған құралдарды алу барысында ескеру қажет. Себебі сіздің бет теріңізге жақпайтын лосьондар мен кремдерді қолдану кері әсер етуіне әкеліп соғады: күтім тек жақсы әсер етпей, оның жағдайын нашарлатып жіберуі ықтимал. Мысалы, майлы бетке себобақылаушы құралдарды қолданғанда балансты сақтаған жөн, әйтпесе өзгеріс байқалмайды.
Сонымен үй жағдайындағы бет күтімі – бет терісі типіне қарай құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Егер сізде қалыпты бет терісі болса, онда бұрыннан ұсынылатын әдістерді қолдана беріңіз. Ал қалған үш типтің иегерлеріне косметолог немесе дермотологтың кеңесін алу артықтық етпейді.
Кез келген жағдайда құралдарды таңдау және оны қолдану үш кезеңнен тұрады: тазарту, тонды қалпына келтіру, сіңіру.
Кәрілік немесе әжімге қарсы күтім
Жастың өзгеруіне байланысты эпидермис қабаттарында бірнеше өзгерістер орын алады: метаболизм, ұлпаның жаңаруы баяулап, судың мөлшері азаяды. Сол себепті жас көріну үшін бүкіл ағзаға көңіл бөлу керек. Бұндай кезде озонотерапия, фотожасарту (фотолазер арқылы), бет массажы, ретинофотты қышқылдарды қолдану секілді тәсілдер тиімді болып келеді. Бұлар бет терісіндегі су мөлшерін толтырып, тонусты қалпына келтіреді.
Дайындаған: Назархан Уән