Салауат

Мальборо ковбойының темекіге қарсы күресі

Уэйн Маклареннің хикаясы

Уэйн Макларен – Marlboro темекісінің танымалдылығын арттырып, кейін өмірінің соңына дейін шылым шығаратын компаниялармен күресіп өткен адам.

Әр пенде өмірінде үлкенді-кішілі қателік жасайды. Уэйн Макларен де сондай жандардың қатарында. Ол ұзақ жылдар бойы теледидар арқылы миллиондаған көрерменді «Мальбороның таңғажайып әлеміне» шақырып, көп ақша тапқан. Қолынан бәрі келетін айбынды, қайратты ковбой Phillip Morris компаниясының үздік жарнамалық қадамы болды. Аз уақыт ішінде Marlboro темекісінің сатылымы бірнеше есеге өсті. Десе де бұл оқиға табыс әкелгенімен, Макларенді денсаулығынан айырды.

1990 жылы Мальборо ковбойы атанған актердің өкпесінде қатерлі ісік бары анықталып, ол шылым шегуді біржолата тастады. Артынша темекі шығаратын компанияларға қарсы күресетінін мәлімдеп, бар күші мен қаржысын сол жолға салды. Радио, телеарналарға шылым шегудің зияны туралы сұхбаттар беріп, Marlboro жарнамасына түскеніне өкінетінін жеткізді. Өндірушілер Макларенді тоқтатпақ болды. Алайда олардың әрекеті еш пайда әкелмеді. Себебі актер бұл кезде өзінің өмір сүруіне көп уақыт қалмағанын білген еді. Ол 1992 жылдың 22 шілдесінде қайтыс болды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!