Кітап

Патрик Ленсиони – «Команданың бес қателігі» бестселлерінің авторы

Патрик Ленсиони ұжымның жетістікке жетпеу себебін 5-ке бөліп қарастырады.

Патрик Ленсиони – кәсіп жанрында жазылған «Команданың бес қателігі», «Жиналыстағы өлім», «Басшының төрт маниясы» бестселлерлерінің авторы. Balbal.kz сайты материал дайындап, назарыңызға ұсынады

 

               Команданың бес қателігі (Пять пороков команды) кітабы

Команданың бес қателігі (Пять пороков команды) бестселлері кәсіпкерлерге немесе ұжыммен жұмыс істейтін адамдарға арналады. Кітап 2011 жылы жарыққа шыққан. Патрик ұжымның жетістікке жетпеу себебін 5-ке бөліп қарастырады.

Бірінші себеп – сенімсіздік

Патрик Ленсиони ұсынатын алғашқы себеп – сенімсіздік. Әдетте бұл жағдай өзінің осалдығын көрсеткісі келмейтін адамдарда болады. Егер ұжым мүшелері өздерінің қателіктері мен кемшіліктерін ашық мойындаудан қашқақтаса ұжым арасындағы сенімсіздікке алып келеді. Сондықтанда ең алдымен сенімді қалыптастыру қажет.

Екінші себеп – жанжал

Ұжымдағы сенімсіздік жанжалдың пайда болуына алып келеді. Бір-біріне сенбейтін адамдар ашық, шынайы талқылаудан қорқады. Біреуді ренжітіп алам немесе өзім ренжіп қалам деген күдікпен жүреді.

Үшінші себеп – жауапсыздық

Сенімсіздіктің кесірінен жауапкершіліктіде сезінбейді. Ешкім өзінің ойын ашық айтпайды. Қабылданып жатқан шешімдер жай ғана қағаз түрінде жүреді. Осы себеппен істелініп жатқан кез келген дүниеге бас қатырмайды. Қасындағы серігі қате тірлік істеп жатсада оған бәрібір болады.

Төртінші себеп – талаптың болмауы

Мойнына жауапкершілікті алмағаннан кейін жұмыстың іске асуы немесе аспауы қызықтырмайды. Менің міндетім емес деген түсінікпен өмір сүреді.

Бесінші себеп – нәтижеге бей-жай қарау

Компанияның табысқа жетуіне қарағанда өздерінің мүдделерін бірінші орынға қояды. Бұл себептердің барлығы бір-бірімен байланысты. Осылардың біреуі ұжымда бар болса, онда алдыға жылжу болмайды. Бір түрлі естілуі мүмкін бірақ табысқа жетудің алғашқы қадамы ұжым арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.

 

Нәтижеге бей-жай қарайтын команда…

ешқашан дамымайды;

қарсыластарын озып кете алмайды

мықты қызметкерлерінен айырылады;

мақсаттарын білмейді;

Нәтижеге жұмыс істейтін команда…

мықты қызметкерлерін сақтап қалады;

табысқа жету үшін барлығын жасайды;

ұжымдық мақсатты барлығынан биік қояды;

қандай мақсатқа ұмтылып бара жатқандарын біледі;

 

Патрик Ленсионидің осы видео сабағын қарап шығуды ұсынамыз. Пайдалы болары сөзсіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!