Психология

Тони Роббинстың құпиясы: Спорт, қуат, әрекет

Тони Роббинстың жетістік тактикасы

Тони Роббинстың семинарлары мен кәсіпкерлік сабақтары мыңдаған адамды жинайды. Тони Роббинс әркез адамды жетілдіріп, жетістікке жеткізетін идеялармен бөліседі. Оның жобалары «өзін өзі жетілдіру» жүйесіне құрылған. Balbal.kz сайты Тони Роббинстың ең маңызды идеяларын назарларыңызға ұсынады.

Физиология

Көңіл-күйдің болмауы, әлсіз сезіну секілді сезімдер барлық адамда болады. Ондайда жұмыс істеу еш нәтижені бермеуі мүмкін. Тони Роббинстың ойынша, барлық нәрсені физиологиядан бастау қажет. Оны өзгерту арқылы өміріңізді өзгертесіз.

Спортпен шұғылдану, жаттығулар сіздің денеңізді шынықтырады. Ол кез келген жұмыс пен қозғалысқа дайын болады. Мидың күшін пайдалану арқылы қозғалыс пен әрекет ережесін дайындаңыз. Өмірден нені және қандай нәтижені күтетініңізді анықтаңыз. Осыдан кейін жұмыстың өзіне көшіңіз.

Күйзеліс пен келеңсіз жағдайлар

Жұмыс пен отбасыда түрлі мәселелерге ұшырауымыз мүмкін. Тағдыр ма деп налимыз. Жаман әсерлерден құтылғымыз келеді. Мұндай мәселеден арылу үшін олардың қабылдау нүктесін өзгертіңіз. Яғни барлық нәрсенің тек жаман емес, жақсы жағы да болады. Тек оны дұрыс қабылдау маңызды.

Қоршаған орта

Бізді кім қоршайды? Бізге адамдардың әсері қандай? Олар сізді алға жетелейді ме? Бұл сұрақтардың жауабын ойша іздеп көріңіз.

Өзіңізді сіз білмейтін нәрсеге ие жандармен қоршаңыз. Олардың өмірі мен мәселені шешу жолдарын салыстырыңыз. Тек өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып алмаңыз. Олардың артықшылығын өзіңізге қабылдаңыз. Сонда ісіңіз жемісті болады.

Елестету, жобасын жасау

Кез келген істі бастар сәтте оның жобасын ойша жасап алыңыз. Оның ең кіші деген бөліктерін де ойластырыңыз. Ол шынайы болғанда қалай істейтініңізді ойластырыңыз. Бұл сенімділік оятады. Алға жылжуға итермелей түседі.

Бұл үшін тыныш жерде болашақтағы мақсатыңыздың суретін ойша салыңыз. Осылайша мақсатыңыздың алғашқы кірпіштерін қалайсыз.

Әрекет

Алдыға мақсат қойып, оны ұзақ елестетудің қажеті жоқ. Әрекет етуді бастаңыз. Өз денсаулығыңызды жақсартыңыз. Жаттығулар мен спорт мұның кепілі. Әрекет жоспарын жасаңыз. Ол бірнеше ай немесе жылды құрауы мүмкін. Жоспардағы әрекеттің күніне біреуін болсын орындаңыз. Жұмысты көп емес, жемісті қылып жасаңыз.

Қуат

Организм күнделікті салмаққа үйреніп, оны әдеттегі әрекет ретінде қабылдайды. Бастапқы уақытта жұмыстың көптігі сізді шаршатады. Бірақ уақыт өте келе оған үйрене бастайсы. Бұдан кейін жұмыс барысында тоқтағыңыз келмейді. Көп әрекет ету көп қуаттың пайда болуына әсер етеді. Релакс уақыттары, әрине, болады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!