Салауат

Кацудзо Ниши. Денсаулықты нығайтатын 6 «алтын» кеңес

Кацудзо Ниши "өледі" дегенге қарамастан ұзақ жасаған жапондық

Кацудзо Ниши (15 марта 1884, Япония — 21 ноября 1959, Япония) — 1884 жылы Жапонияда дүниеге келген ғалым. Мамандығы бойынша инженер. Нишидің аты тарихта денсаулықты нығайтатын ең тиімді жүйенің авторы ретінде қалды.

Кацудзо Ниши бала кезінде аурушаң болған. Оны көруге келген дәрігер ата-анасына «Балаларыңыз өте әлсіз. Жиырма жасқа да жетпейді» деп шешім шығарған болатын. Алайда Ниши 75 жасында ғана көз жұмды. Кейбір деректерге қарағанда жол-көлік апатының құрбаны болуы мүмкін.

Алғашында инженерлік жолды таңдаған Кацудзо Ниши уақыт өте келе денсаулыққа байланысты әртүрлі кітаптарды оқуды әдетке айналдырады. Сол кітаптарды айтылған кеңестердің барлығын өз бойынан тәжірибе жасап тексереді. Гораций Флетчердің кітабынан ол жеген тамақтың ағза үшін үлкен рөл ойнайтынын біледі. Содан бастап оның дәстүрлі медицинаға деген ойы өзгереді. Кацудзоның ойынша, дәрігерлер тек симпторды қарастырады да сол аурудың пайда болу себебіне ден қоймайды. Флетчердің кеңесі бойынша ол ендігәрі әр жеген тамағын асықпай шайнап, жемістердің қабығын аршып жеуді әдетке айналдырады.

1927 жылы Ниши Кацудзоның «Нишидің денсаулықты нығайту жүйесі» жарық көреді. Токияның метрополитетіндегі бас инженерлік жұмысын тастап, ол енді түпкілікті денсаулық саласына кетеді.

1936 жылы оның алғашқы кітабы басылып шығады. Balbal.kz сайты Кацудзо Нишидің «Денсаулықтың алхимиясы: 6 «алтын» кеңес» кітабындағы негізгі алты кеңесті оқырман назарына ұсынады.

Қатты төсекке жату

Денсаулық әлсіз болса, себебін омыртқадан іздеген дұрыс. Ал омыртқаны нығайтуға арналған ең жақсы жаттығу ол – мүсінді қалыпта ұстау. Өміріміздің үштен бір бөлігін ұйқыға арнайды екенбіз. Сондықтан да алғашқы кеңес – сіздің жатқан төсегіңіз қатты болуы тиіс.

Жерде жатқан тіпті пайдалы. Төсекте жататын болсаңыз, матрасыңызды өзгертуге болады. Бастысы ол серіппелі болмауы шарт. Қатты төсек бүкіл ағзаңызда өз пайдасын тигізеді. Әсіресе, бүйрегіңіз алғысын жаудырады.

Қатты жастықты жастап жату

Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru
Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши

Жастайтын жастығыңыз да жұмсақ болмағаны дұрыс. Оқтау жастық жастануға кеңес беремін. Мұндай жастыққа үйренбегендер ауырсынуды сезінеді деп шошымаңыз. Басында оқтауды сүлгіге орап, аздап жұмсартуға болады. Уақыт өте келе оқтау жастықтың өзін жастанып үйреніп кетесіз.  Жалпы, жастықты ағаштан жасаған абзал. Алайда сол ағаш түріне аллергияңыз жоқ па, біліп, тексеріп алған жөн немесе иіс шықпайтындай етіп матамен орап тастауға да болады. Жапонияда былай дейді: «Қисық мойын өмірді қысқа қылады».

Егер де қатты жастыққа үйрене алмай қиналсаңыз, «алтын балық» жаттығуын жасауға болады.

«Алтын балық» жаттығуын жасау

Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru
Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru

Бұл жаттығуды күн сайын таңертең және кешке жасаңыз. Ол үшін түзу жерге арқамен жатыңыз. Еденге жатсаңыз да рұқсат. Қолыңызды желкеге қарай түзу созыңыз. Аяғыңызды да созыңыз. Аяғыңыздың бір-біріне тисін. Аяқтың башпайларын өзіңізге қарай созыңыз. Өкшеңіз бен беліңіз жерге тисін.

Ішіңізден санаңыз. Жетіге келгенде оң аяғыңыздың өкшесімен алға қарай жылжуға ұмтылыңыз. Ал екі қолыңызбен керісінше солға қарай созылыңыз. Енді сол аяғыңыздың өкшесімен алға қарай жылжисыз да қолыңызбен оң жаққа қарай созыласыз. Содан соң алақаныңызбен желкеңізді құшақтап, аяқтарыңызды алға созып, башпайларын өзіңізге қарай қаратасыз. Осы позада денеңізді суда жүзіп келе жатқан балықтай қимылдатасыз. Сол қарай жүзесіз. Оңға қарай жүзесіз. 1-2 минут «жүзсеңіз» жетеді.

Қылтамырға (капиллярға) арналған жаттығу

Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru

Жерге жатасыз да қолыңыз бен аяқтарыңызды созасыз. Неге? Себебі тек осындай позада ғана қан төмен қарай ағады да қан айналымы жақсара түседі. Мұны мен жатып алып жүгіру деймін. Төсекке таңылып жатқан жандар да, әлсіз қартайға адамдар да, жүрегі ауыратындар да осы жаттығуды жасаса болады. Жаттығу барысында тыр жалаңаш болсаңыз, тіпті жақсы. Себебі дене терісінің дем алуы жақсарады. Сол арқылы ағза тері арқылы шлактардан құтылады.

Алақан мен табанды қосу жаттығуы

Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru

Барлық дінде алақан мен табанды қосу ишараты кездесетінін байқадым. Мұның себбін іздедім. Сөйтсем адам екі алақанын қосса, ағзадағы барлық сұйықтық, қан қалыпқа түседі екен. Қан қысымы орнына келеді. Осы жаттығуға дейін және кейін қан қысымыңызды өлшесеңіз, айырмашылықты байқайсыз. Сонымен қатар алақан мен табанды қоса отырып, сіз өзіңіздің күш-қуатыңызды ұлғайтасыз. Өзіңізге өзіңіз емдік күш-қуат бересіз.

Табаныңыз бен алақанды қосасыз да көзіңізді жұмасыз. 10-15 минут осындай позада отырасыз.

Арқа мен ішке арналған жаттығу

Кацудзо Ниши
Кацудзо Ниши klex.ru

Еденге малдас құрып отырасыз. Омыртқаңыз түзу болсын. Барлық салмақ құйымшаққа түссін.

Алдымен иығыңызды жоғарыға қарай барынша көтересіз. (10 рет)

Сосын дайындық жаттығуын жасайсыз: Қолыңызды  алға қарай созыңыз да сол иықтан құйымшағыңызды көруге тырысыңыз. Ойша құйымшақтан назарыңызды мойын омыртқасына ауыстырасыз. Сосын басыңызды қайтадан тіктейсіз. Енді бәрін оң жаққа қарай қайталайсыз. Басында құйымшағыңыз бен омыртқаңызды көре алмайсыз. Алайда ойша көруге тырысыңыз.

Басыңызды оңға, солға бұрасыз. (әр жаққа қарай 10 реттен)

Қайтадан дайындық жаттығуын жасайсыз.

Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен бұрасыз. (әр жаққа қарай 10 реттен)

Қайтадан дайындық жаттығуын жасайсыз.

Басыңызды оңға қарай бұрасыз. Оң құлағыңыз оң иыққа тисін. Сосын ақырын-ақырын мойныңызды соза отырып, басыңызды омыртқаға қарай бұрасыз. («р иыққа қарай 10 реттен)

Қайтадан дайындық жаттығуын жасайсыз.

Қолыңызды көтересіз де шынтағыңызды бүгесіз. Алақаныңызды жұмып, иегіңізді төбеге қарай қаратасыз.

Іштен жетіге дейін санайсыз, жетіге келгенде шынтағыңызбен омыртқаңызды кересіз. Иегіңізбен төбеге қарай қарайсыз. (10 рет)

Қайтадан дайындық жаттығуын жасайсыз.

Енді жаттығудың негізгі бөліміне көшеміз.

Дайындық жаттығуынан кейін аздап демаламыз да қайтадан омыртқаны тіктейміз. Салмағыңыз құйымшаққа түссін. Қайтадан оңға, солға қарай тербелеміз. Ішіңізбен алға, артқа қарай қимылдаймыз. Бұл жаттығуды 10 минут жасау қажет.

Кацудзо Ниши былай дейді

Бұл жаттығуларды жасай отырып, ойдың күшін ескерусіз қалдырмаңыз. Өзім жайлы қалай ойласам, өзімді солай сезінемін – бұл бұлтартпас шындық. Осы шындыққа иланыңыз! Ішіңізден «мен саумын, менің дене мүсінім әдемі» деп айтудан жалықпаңыз. Сонда құлағыңыз, даусыңыз, санаңыз, түпсанаңыз сау болуға ұмтылады.

Денім сау болады десеңіз, ауруды жеңемін десеңіз, солай болады. Деніңіз бүгін сау ма, жоқ па, олар өткен шақтағы әрекеттеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан болашақта сау боламын десеңіз, бүгіннен бастап жаттығуларды жасаңыз. Мөлдір су ыдыстың түріне қарай пішінін қалай өзгертсе, жасушалардың молекулары да сіздің сеніміңізге қарай өзгеретінін білгейсіз.

Аударған: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!