Психология
Ашушаңдық: Табиғи реакциядан құтылудың жолдары
Ашушаңдықтан арылуға көмектесетін кеңестер
Ашушаңдық – сыртқы ортадан қауіп төнгенде жауап қайтаратын табиғи реакция. Оның белгілері: адамның жүрек соғысы жиілеп, көзі қарауытып, тыныс алуы қиындап кетеді. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға ашушаңдықтан арылу жолдарын ұсынады.
Ашушаңдықтың себептері
Ашушаңдықтың пайда болу себебін ғалымдар үлкен 4 топқа бөледі:
- Басқа адамдардың сөзі мен әрекеті. Осы арқылы намысыңызды таптап, жанды жеріңізге тиіп, шымшып сөйлеуі мүмкін;
- Адамдар жақын болуға тырысып, қамқорлық көрсеткісі келеді. Алайда сіз оны қаламайсыз. Бұл жағдайда ашу – өзіңізді қорғайтын басты тәсіл;
- Өзгелердің іс-әрекеті сіздің ұстанымдарыңызға қарама-қарсы болуы;
- Болып жатқан жағдайлар алға ұмтылуға кедергі келтіреді.
Егер біз күресуден бас тартсақ, ашушаңдық мұң мен үрейге айналады. Ал бұл екі құбылыс сізді ауруға душар етеді.
Ашушаңдықпен күресу жолдары
- Медитациямен айналысыңыз. Өзіңізді қандай жағдайда ашуға булығатыңызды анықтаңыз. Бұл қиындықтан шығудың жолын іздеңіз.
- Бойыңыздан ашудың белгілерін байқаған сәтте өзіңізді қолға алыңыз. Себебі оны бақылауда ұстамасаңыз, соңы жақсылыққа әкелмейді.
- Мүмкіндігінше сабырлы адамдармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Қызуқандылардан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Көңіл-күй жұқпалы екенін естен шығармаңыз.
- Музыкалық аспаптарда ойнаңыз. Жүрегіңіз қалаған іспен шұғылданыңыз. Олар ашудың алдын алады.
- Сізді қоршаған ортадан жағымды түстерді тауып алыңыз. Ашық түстер көңіл-күйге оң әсер етеді.
- Дискуссияға түспеңіз. Егер шаршап, әлсіресеңіз, ашуға жылдам берілесіз.
- Талқылау процесі кезінде аштықты сезінгенде де тез ашуланасыз.
- Орынды әзіл мен қалжың – ашуға қарсы тұратын басты қару.
- Кенет көңіл-күйіңіз бұзылып, ашулана бастасаңыз, серуенге шығыңыз, йогамен айналысыңыз. Тіпті дәретханаға барыңыз. Бастысы ойыңыз бөлінсін.
- Өз ойыңызды өзгерту үшін өз бойыңызды өзгертеңіз. Қадамдарыңызды кішірейтіңіз, дауыс ырғағыңызды бәсеңдетіп, сабырлы кейіпке енуге тырысыңыз.
- Диафрагмамен терең және баяу тыныс алыңыз. Бұл ашудың жылдам таралуына көмектеседі. Дем шығару тыныс алуға қарағанда ұзақ болғаны жөн.
- Кейде іштегі ашу мен ызаны шығаруды дұрыс деп санайды. Бірақ ол – үлкен қателік. Осы әрекетке бару арқылы сіз басқалардың мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер етесіз. Ол адамның сіз жайлы ойы өзгеруі ықтимал.
- Сізді жақсы білетін, жан дүниеңізді түсінетін жақыныңызбен немесе досыңызбен сырласыңыз.
- Түймедейді түйедей етпеңіз. «Басқалар маған жамандық тілейді» деген арам ойдан аулақ болыңыз.