Компас

Әлемдегі ең қымбат көшелер

Әлемдегі ең қымбат көшелер рейтингісі

Әлемдегі ең қымбат көшелер рейтингісі сол көшедегі пәтер, мекеме жалдау құнына байланысты есептеледі. Әр елдегі ең қымбат әйгілі 10 көше бар. Balbal.kz мотивациялық сайты көшелер тізімін материал ретінде жариялады.

Столешников жолағы

Ресейдің Мәскеу қаласындағы орталық көше. Кеңестік дәуірде Столешников жолағы ең алдымен кітап дүкендерімен танымал болды. КСРО ыдырағаннан кейін көшеге сәнді бутиктер мен батыс брендтерінің дүкендері салына бастады. Сөйтіп ол Мәскеудегі ең қымбат сауда орындарының біріне айналды. Бұл көшеде автотұрақтар жоқ, сондықтан көлікпен жүре алмайсыз. Ал сондағы мекеме үшін бір шаршы метр айына 400 еуроға тең.

Банхофштрассе

Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан. Банхофштрассе деген «вокзал көшесі» деген мағынаны білдіреді. Көше Цюрихтың орталық вокзалынан басталады. Көшеде сауда орталықтары көп. Негізінен әйгілі швейцарлық сағаттар мен еуропалық брендтердің дүкендері бар. Бір метр жерді 650 евроға жалға ала аласыз.

Мёндон

Мёндон – Сеулдің көшесі. Ол – шетелдік брендтердің, корей косметикасының дүкендері бар қызықты сауда аймағы. Қарапайым мейрамханалар корей тұшпарасы мен женьшень тауық сорпасын ұсынады. Ал көше дүңгіршектерінде жапон және тайланд тағамдары сатылады. Нант театрында халық музыкасы мен театр қойылымының элементтерін біріктіретін шоу көре аласыз. Бұл жерде 19-шы ғасырда салынған готикалық қоңырау мұнарасы бар Мёндон соборы орналасқан. Онда пәтерді жалға алу бағасы айына 670 еуродан басталады.

 Гинза

Токио – әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі. Ал Гинзаның Токиода айтарлықтай өз орны бар. Бұрындары сол жерде монета яғни тиын шығаратын болған. Шеберлер өз зергерлік дүкендерін ашып, сол жақта бизнес жасаған. Соған байланысты Гинза деп аталған. Ол «күміс цехы» деген мағынаны білдіреді. Онда көптеген дүкендер мен супермаркеттер, мейрамханалар, бар және  клубтар бар. Гинза әлемдегі ең сәнді сауда орындарының бірі болып саналады. Гинза көшесінде бөлмені жалдау құны 700 евроға жуық. Шағын жерді айына 20-30 мың еуроға жалға алуға болады.

Виа Монтенаполеоне

Виа Монтенаполеоне – Миланның орталық көшелерінің бірі. Танымал бутиктердің кластері ретінде танымал. Көшедегі жолдар тек бір бағытта. Ғимараттардың көпшілігі неоклассикалық стильде салынған. Көшеде Cova кондитерлік дүкені орналасқан. Ал Лоренці пышақ пен түтін шығаратын дүкенде «Ұсталар мұражайы» бар (Museo del Rasoio).

Dior, Versace, Valentino, Yves Saint Laurent, Omega, Cartier, Bottega Veneta, Alexander McQueen сияқты бренд дүкендер бар. Онда сонымен қатар әлемге әйгілі Милан сән апталығы өтеді.  1 шаршыға үшін айына 720 еуро төлеу керек.

Питт-стрит Молл

Бұл  –Австралиядағы Сиднейдің басты сауда көшесі. Мұнда әлемнің түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінің, желілер мен брендтер шоғырланған. Адамдар көп жүреді. Мемлекеттік театр, Сидней бақылау мұнарасы орналасқан. Мұнда өмір сүру құны айына шамамен 800 евродан басталады.

Нью-Бонд стрит

Әлемге әйгілі Лондон көшесі. Әлемдік бизнес орталығы. Жергілікті тұрғындардың пікірінше ең бай адамдар тұрады. Қала Томас Бондтың құрметіне аталған. Ол бос кварталды сатып алып, тазартып ретке келтірген. Сол жерде құрылысты бастап кеткен.

Көшеде «Сотбис» аукцион үйі, Бейнелеу өнері қоғамы (Fine Art Society) бар. Көшеде тек бренд дүкендерге ғана рұқсат етілген. Мекемені 900 еуроға жалға жалға береді. Бонд стриттің ең тамаша жері – Одақтастар мүсіні. Онда Уинстон Черчилль мен Франклин Делано Рузвельттің орындықта сөйлескенін бейнелеген.

Елисей өрісі

Париждегі Елисей көшесін екіге бөледі: саябақ және дүкендер.  Саябақ аймағында Елшілер шаршысы, Елисей шаршысы, Маринья театры, мереке алаңы бар. Ал батыс жағы сауда орындарына толады. Банктер, авиакомпаниялар, автосалондар, Le Figaro және Jour de France газеттерінің редакциялары, кинотеатрлар мен қымбат мейрамханалар көп. Туристердің көптеп келуі бұл жерді ерекше тартымды етеді. Сондықтан бұл жерде пәтерді және сауда орындарын жалға беру бағасы 1000 еуродан асады.

Козуэй-Бей

Гонконгтың бюджетін толтырып отырған көше десе де болады. Көшенің көрнекілігі –«Түскі мылтық», ол түстен кейін атылады.

Соңғы 10 жыл ішінде Cushman & Wakefield халықаралық жылжымайтын мүлік компаниясының рейтингі бойынша 2011 және 2012 жылдары, сондай-ақ 2018 жылы Козуэй-Бей әлемдегі ең қымбат сауда аймағы болды. Ондағы дүкен ғимараттарын жалға алудың орташа мөлшері бір шаршы метр үшін 24606 доллар.

Көшенің ірі сауда орталықтары – Дүниежүзілік сауда орталығы, Lee Gardens, Lee Theatre Plaza, Causeway Bay Center, Танлунчау базарлары, т.б. Park Towers сияқты көп қабатты тұрғын үй кешендерін күтіп ұстауға айтарлықтай қаражат жұмсалады.

Бесінші авеню

Нью-Йорктегі Бесінші авеню –  әлемдегі ең қымбат көше. Манхэттеннің ең беделді аймағында орналасқан. Мұнда Метрополитен өнер мұражайы, Соломон Гуггенхайм мұражайы, Ұлттық дизайн мұражайы, Нью-Йорк мұражайы, Жаңа галерея бар. Ал басты сауда аймағында Apple, Tiffany & Co., Christian Dior, Victoria’s Secret орналасқан. Бесінші авеню – ешқашан трамвай жүрмеген үлкен көшелердің бірі. Бастапқыда үлкен екіқабатты автобустар жүрді, кейін олар тоқтатылды. Бір шаршы метрдің бағасы айына 2500 еуродан басталады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!